Таразда екі айдан соң үйіне қайтпақ болған ұлттық ұлан сарбазы белбеуіне асылып қалды

Тараздағы Ұлттық ұланның 55/13 әскери бөлімінде сарбаз суицид жасады. Үйіне оралуына небәрі  екі ай қалған 20 жастағы ақтөбелік жауынгердің мәйіті өзінің белдігіне асылған күйде табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Болат Батырханның денесі әскери бөлімдегі екі ғимарат қуысындағы биік темірге дара асылған жерінен анықталған. Оның бұл қадамға баруына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Әскерилердің сөзінше, оның денесінде соққының бірде-бір ізі жоқ. Қазір тексеріс жүріп жатыр. 

Сарбаздың мәйітін нағашы ағасы ауылына бүгін таңда алып кетті. Болат Батырханды басшылығы үздік сарбаз болған дейді. Оның суреті мақтаулы жауынгерлердің қатарында тұр.

"Қазір бүкіл жағдайлар тексерілуде. Біреумен жанжал болды ма, жоқ па, өз-өзіне қол жұмсауға біреу итермеледі ме, ол да тексеріледі. Ең соңғы шешім тергеу аяқталғанда белгілі болады", — дейді ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешов. 

Әскери бөлімде бұған дейін де қайғылы жағдай болған. Үш жыл бұрын прапорщик қару-жарақ қоймасында өзінің табелдік тапаншасымен атылып өлген еді. Марқұмның жақындары оның суицид жасауына басшылық тарапынан жасалған қысым себеп деген болатын. Ал 20 жасында қыршын кеткен Болатқа әлімжеттік жасалды ма, жоқ па, оны тергеу орындары анықтайды.

Сегізі көз жұмып, екеуі жарақаттанды: Ресейде сарбаз әріптестерін атып тастады >>>
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Әкім пара ретінде соңғы үлгідегі смартфон және 4 млн теңге алған: Бір топ шенді ұсталды

Әкімді пара алу сәтінде емес, ұялы телефонды тыңдау арқылы қолға түсірген

Таяқ тастам жерге 60-70 мың теңге сұрап құныққан таксистер арнайы тексеруден өтпек

Шетелдіктерге қаланы кәсіби таныстыру үшін гидтер де арнайы оқытылатын болады

БҚО-да 7-сынып оқушысы желідегі жазба үшін өзіне қол салды

Көз жұмған бала отбасында жалғыз ұлы болған

Адамға ұқсап туған лақ тұрғындарды таңғалдырды

Ауыл тұрғындары мутант-лақты құдай бейнесі деп табынып жүр

Сексен жасында үйленген Нұрғали Нүсіпжанов жасарып кетті

Мәдина Сәдуақасова: Өнер адамына осындай өзгеріс керек

Перзентханада жаңа туған сәбиді ит жеп кетті

Аурухана басшысы баланың өлі туғанын айтты

Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты барлық жол жабық

Биылғы қыста жауын-шашын мол болды

Оглядывайтесь вокруг, запирайте двери: Певица Уатхан Заханқызы призвала девушек к осторожности

Көкшетауда студент  университеттің алтыншы қабатынан секіріп кетті

Курстастары оның аяғын ұстауға тырысты, бірақ нәтиже болмады

Мұғалім қыздардың етегінің астын жасырын камера арқылы бақылап келген

Ер адамның үйінен балалар порнографиясын қамтитын 100-ден астам суретті тапты
Çàãðóçêà...