Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда дәрігерлердің кесірінен 7 айлық сәби мүгедек болып қалған

Айтуынша, ақхалаттылар кішкентай нәрестеге дұрыс диагноз қоя алмай, ауруын асқындырып жіберген. Сөйтіп бүлдіршін мүгедек болып қалыпты. Емдеу мекемесі мамандарының қателігін медициналық қызметті бақылау департаменті де анықтаған екен. Алайда жауаптылар әлі күнге жазаға тартылмапты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Сырлыбек Арманның алты айлығына дейін бойында ауытқу немесе басқа да аурудың белгілері байқалмаған дейді анасы.  Ал, ендігі күйі мынау. Басын көтеріп, ас-ауқат ішудің өзі мұң. Қазір Сырлыбек екі жаста. Анасының айтуынша, оны осындай хәлге түсірген – дәрігерлер. Бүлдіршін бір жарым жыл бұрын лоқсып, дене қызуы көтерілгесін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген екен. Оған ішек инфекциясы диагнозы қойылып, бір жеті ем алыпты. Алайда, кейіннен сырқаттың минингитке шалдыққаны анықталған.

«Біз мұнда келгенде ішек инфекциясы болған жоқпыз. Ондай кезде баланың іші өтіп салмақ  тастайды, дұрыс па? Менің баламда ондай болған жоқ. Тек, құсты және қызуы көтерілді.Оны оқымаған мен де білемін. Мидың синдромы екенін. Оқыған дәрігерлер неге білмейді оны?!» – дейді Сырлыбектің анасы Сымбат Спандиярова.

Сымбат Спанидярованың сөзінше, қате диагноздың кесірінен баласының хәлі нашарлап, 23 күн ес-түссіз жатқан. Кейін беті бері қарағасын, анасы Сырлыбекті Астанаға апарып емдетіпті. Бірақ, нәтиже болмаған. Ақыры сәбиі жеті айлығында мүгедек болып қалды. Қазір, бүлдіршіннің миының 95 пайызы өлі.

«Міне мына баланы қандай күйге жеткіздіңіз? Мен көргенді көрмей-ақ қойыңыздар. Сіз білдіңіз осындай боларын», – дейді шырылдаған ана дәрігерлерге.

Ақхалаттылардың қателік жібергенін медициналық қызметті бақылау департементі растаған. Бірақ, сонда да жазықтылар жауапқа тартылмайды дейді ашулы ана. Тіпті, ем-дом жасаған мамандардың үстінен арыз түсірсе де, қозғалған қылмыстық іс 7 айдан бері түрлі сылтаумен сотқа жетпей жатыр екен. Ал, емдеу мекемесінің басшысы әдеттегідей өздеріне шаң жуытатын емес.

-Кінәларыңызды мойындайсыз ба?

-Мен мойындамаймын.

Не үшін мойындамайсыз?

-Өйткені науқастың ағымы осындай, аурудың ағымы осындай.

Осы аурухана басшыларының бәрі жұмыстан кетсін.

Белгілі болғаны, дәрігерлер тағылған айыпты мойындамай, қосымша сараптама тағайындалған екен. Тергеу ісінің тұралауына осы себеп болыпты. Енді соның нәтижесін күту ғана қалған. Ал, Сымбат Спандиярова, әділдікке жету үшін өліспей-беріспек емес. Тіпті, баласын мүгедек қылды деген мекемеден моралдық және материалдық шығын есебінде, 7 жарым млн. теңге талап етпек.

Жіберіп алмаңыз:

ОҚО-дағы орталық мешітте Құран кітабы дәретхана қағазы ретінде пайдаланылып келген

Алматыда жасанды iPhone құрастырып сатып келген цех табылды (видео)

Зайсанды қар басып қалды (видео)

Қос қарияның сатылатыны туралы хабарландыру жұрттың жағасын ұстатты

Талқылау