Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда аяулы ана – батыр полицей әйел тоғыз баланы асырап отыр

Таразда нәзік жанды батыр полицей тұрады. 35 жастағы жалғызбасты ананың ерлігі сол – ел тыныштығын күзете жүріп 9 баланы тәрбиелеуде. Жауапты қызметпен аналық парызын қатар алып жүрген жан қазір елге үлгі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

полицей әйелДиляфруз Кенжеханова 5 құрсақ көтерген әйел. Онымен қоса 2 жыл бұрын жетім қалған 2-ұл мен 2 қызды асырап алды. Осылай қызметте ғана мен жеке өмірінде де табандылық танытқан жалғыз ілікті ана қазір 9 баланы бөліп жармай бағып отыр. Айтуынша, өзі де көпбалалы отбасынан шыққан.

"Мен отбасыда 10-ыншысымын. Сол кезде полиция болуды және көпбалалы болуды армандадым. Қазір осы екі арманым да орындалды. Қараусыз қалған 4 баланы асырап алған себебім, балалар үйіне беріп жатқанда оларды аяп кеттім. Және аналық мейірімім де оянды. Отбасымызға келгеннен бірден үйреніп кетті. Үлкенім 18 жаста. Үйдегі көмекшім осы", - дейді Жамбыл облыстық ювеналды полицияның аға инспекторы Диляфруз Кенжеханова. 

Нәзік жанды полицейдің міндеті қаладағы жасөспірімдер тәртібін қадағалау. Алайда қызметі қаталдықты, жанұясы шексіз мерйірімді талап етсе де, екеуін ұштастыру қиынға соқпайтынын айтады. Керісінше балалары анасының ел тыныштығын қорғап жүргенін мақтан тұтады. Тіпті 4-ұлы Сарварбек өскенде анасының жолын қуамын дейді.

"Анам бізге өте жақсы қарайды. Қолы босай қалса уақытты қызықты өткізуге тырысамыз. Демалыста ауылға, ата-апаның үйіне барамыз. Анамның жұмысы да ұнайды. Сондықтан өскенде мен де полиция қызметкері боламын", - дейді тәртіп сақшысының ұлы. Сарварбек. 

Жас болса да үлкен жауапкершілікті мойнына алған нәзік жандының енгіді арманы – 9 баланы қанаттыға қақтырмай жетілдіріп, өмірден өз орындарын тапқызу. Және осы жолда аянбай еңбек етемін дейді ол. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр