Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әскерге көшеден ұстап әкеткендердің адвокат пен қоңырау соғуға құқығы бар ма – Қорғаныс министрлігінің жауабы

Фото: Рexels.com

Қорғаныс министрлігі комиссариат қызметкерлері күштеп ұстап әкеткен әскерге шақырылған азаматтың заңгерге жүгінуге және қалаған адамға қоңырау шалу құқығы туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bes.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, азамат конституциялық құқығынан айырылмайды. Яғни, адвокатқа жүгінуіне, қалаған адамына телефон соғуына құқығы бар. 

“Жиналу орнына жеткізілген кез келген Қазақстан азаматы конституциялық құқығынан айырылмайды. Атап айтқанда, адвокаттың көмегіне жүгіне алады, сондай-ақ жеке уақыты кезінде телефон пайдалана алады. Сонымен қатар әскерге шақырудан босату немесе кейінге қалдыру туралы шешімді тиісті шақыру комиссиясы қабылдайды (Заңның 28-бабының 3-тармағы)", – деп жауап берді қорғаныс министрлігі.

Медициналық куәландыру нәтижелерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) әскерге шақыру комиссиясы әскерге шақырылушыға қатысты мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) Әскери қызметке шақыруға жатады;

2) Әскери қызметке шақыру кейінге қалдырылсын;

3) Әскери қызметке шақырудан босатылсын;

4) Әскери міндеттi атқарудан босатылсын.


Тараздағы әскерге шақырылушы басын көлікке соғып, әскери қызметтен жалтарып кетті


Желіде әскерге шақырылғандарды көлікпен қуған полицейлер қызу талқыға түсті


Әскерге шақыру комиссиясының шешiмi бір күн ішінде әскери қызметке шақырылуға жататын азаматқа хабарланады, шешімнің көшiрмесi оның қалауы бойынша қолына берiледi.

Еске салайық, Түркияда оқып жүрген қазақстандық студентті әскерге күштеп әкетпек болғаны туралы жазған едік. Әскери комиссариат қызметкерлері жігітке телефон соғуға да мұрсат бермеген.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 16 Маусым, 2025 13:36
Талқылау