Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда ашынған қызметкерлер базарды ашуды талап етті

Таразда наразы жұмысшылар базарды ашуды талап етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тараз

Әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген видеолар тарады, онда наразы топ Тараздағы базарға жиналған. Олар базардың жабылуы туралы жаңалыққа наразы болды.

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz) on

Жамбыл облысы әкімдігінің түсіндіруінше, Тараз қаласындағы базар қызметкерлері арасында коронавирустық инфекциямен ауырғандар тіркелді. Сондай-ақ мониторинг топтарының тексеру барысында бірқатар сауда орындары мен базарларда санитарлық, экологиялық және өртке қарсы қауіпсіздіктің көптеген бұзушылықтары анықталды.

"Осыған байланысты Тараз қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері анықталған бұзушылықтарды жою үшін осы жылдың 20 және 21 маусымында базарлардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Бұл туралы базар иелеріне хабарланды. Алайда базарлардың бірінің әкімшілігі өз қызметкерлері арасында тиісті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізбеген. Сол себепті базар қызметкерлері арасында бірқатар наразылық пен түсінбеушілік болды", - деп түсініктеме берді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Базар қызметкерлерімен облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және карантиндік шараларды сақтау шартымен базар жұмысын жалғастыруға уағдаласты. 

Сондай-ақ, аталған базар қызметкерлерінің кәсіподағымен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев кездесіп, халықтың денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігін түсіндірді.

STAN.KZ
Сенбі, 20 Маусым, 2020 16:35
Талқылау