Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда 78 жастағы қария мен немересі есірткі сатумен айналысқан

Таразда немересі мен әжесі есірткі сатқанВидеодан скрин

Таразда немересі мен 78 жастағы әжесі синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Жетінші арнаға сілтеме жасап хабарлайды. 

Күдіктілер тас жолда тоқтатылып, көліктерінен есірткілік заттарды бөліп салуға арналған зип-пакеттер табылған. Жағдайдан күдіктенген полицейлер күдіктілердің үйіне тінту жүргізген. Нәтижесінде, 78 жастағы зейнеткердің киімінің қалтасынан 3 грамнан астам, ал пәтердегі тігін жәшігінің астынан 360 грамнан астам синтетикалық есірткі табылған.

Немересі кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалса, ал әжесі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.


"Жалақысы 500 мың теңге деп шақырады": Қазақстандық жігіт есірткі тасымалдау туралы жұмыс ұсынатындардың қысымына ұшырағанын айтты

Қазақстанда сотталушы түрмеде Starlink интернет орнатып, есірткі саудасын басқарып отырған


"Тінту барысында 364 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленіп, айғақ зат ретінде алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жыл басынан бері 8 адам ұсталып, заңсыз айналымнан 582 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді", – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Белгібаев.

Еске салсақ, бұған дейін Индонезияда есірткі тасымалдады деген күдікпен екі қазақстандық ұсталғаны туралы жазған едік. Оларды Индонезия заңы бойынша өлім жазасы күтіп тұр.

Дана Русланқызы
Жұма, 27 Маусым, 2025 19:10
Талқылау