AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда мектеп бітіргенін тойлаған түлек Lexus көлігімен суға батып кетті

25 мамырда Тараздағы Қазақ хандығы монументінің жанында Lexus көлігі аударылып қалды. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық шенеуніктерге шетелдік көлік мінуге тыйым салынды

21 жастағы көлік жүргізуші мектеп бітірушілерімен бірге мектеп бітіруін тойлауға монумент алаңына келген. Жүргізуші азғантай уақыт сыртқа кеткенде, түлектердің бірі рөлге отырып, көлікті жүргізіп көреді. Тежегіш пен газ педальдарын шатастырып алған жас жігіт тізгінге ие бола алмай, каналға түсіп кеткен.

17 жастағы оқушы зардап шеккен жоқ. Төтенше жағдай кезінде ол көлікте жалғыз болған. Медициналық сараптамаға сәйкес, оқиға кезінде жасөспірімнің ішімдік ішпегені анықталды.

“Аталған құқық бұзушылық үшін кәмелетке толмаған оқушы ата-анасының қатысуымен ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салу арқылы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді”, – дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті.


"Жеңілдетілген несиеге көлік сатып алмаған қазақстандықтар қара тізімге ілінеді": Министрлік ақпаратты түсіндірді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр