AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз тұрғыны экзотикалық көлік жасап шығарды

Тараз тұрғыны Геннадий Чернявский ерекше автокөлік ойлап тапты. Ол асшаянға ұқсас мопед жасады. Бұл тараздық азаматтың қолдан жасаған жалғыз туындысы емес. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Геннадийдің автокөліктерге деген қызығушылығы бала кезінде оянған. Әкесінің көлік жөндегенін көріп өскен ол ақырындап бұл істі хоббиіне айналдырған. 

Ер жеткен соң, өзінің ерекше жобаларын жасап шығарды. Мысалы, ескі кеңестік "Жигулиді" қозғалмалы магнитофоны, электрлі әйнек көтергіші және сенсорлы жазуы бар заманауи көлікке айналдырған. 

Бұл тұлпардың дөңгелектері пульттың көмегімен көтеріледі. Су жаңа қызыл мәшинені киндер-сюрприз деп атаған. 200 көлік қатысқан бір көрмеде бұл тұлпар үздік 16-ның қатарына енген. 

Ал асшаянға ұқсас мопед нағыз фурор туғызды. Өнертапқыш мотоцикл мен велосипедті біріктіріп, қолда бар дүниеден экзотикалық көлік жасаған. 



Геннадийдің айтуынша, ерекше көлікке қала тұрғындары бірден назар аударады. Көлік 100 шақырым жерге 4 литр жағармай жейді.
"Германиялық инженер осындай ғажап көлікті жуктан жасады, мен соны қайталағым келді. "Сузуки Чойнориді" негізге алдым. Араның көмегімен екіге бөліп, велосипедтің рамасымен біріктірдім. Орындық велосипедтікі, ал фаралары 67-жылғы "Битл" көлігінікі", – дейді Геннадий. 

Алайда “асшаян” – үлкен жобаның бір бөлігі ғана. Алдағы уақытта оны қосымшасымен бірге ұсынғысы келетін Геннадий әзірге жоспарларын құпияда қалдырды.
 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр