Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз тұрғыны сүйіктісінен бүкіл қала халқы алдында кешірім сұрады (фото)

Тараз қаласының тұрғыны сүйіктісін ренжітіп алып, одан жұрт алдында кешірім сұрады,-деп жазды Stan.kz.

кешірім

Жігіт сүйіктісінің суретін тұрғын 4 қабатты тұрғын үйдің қабырғасына іліп «Жаным, кешір мені» деп жазған.  Көпқабатты үйдіңқабырғасын алып тұрған қыздың суретін көргендер, таңданыстарын жасыра алмаған. Тіпті ерекше кешірім сұраған жігіттің әрекетіне ел екіге бөлініп алып айтысты.

Бірі «Жігіт өз қателігін түсінген. Қателігін мойындау да ерлік. Оны кешіру керек» деп пікір қалдырған

«Ел алдында соншама кешірім сұрайтындай не болыпты екен. Жігіттік намыс деген болады. Қыздың аяғына жығылу мынаның алдында жолда қалды. Қыздарға тәкәппар жігіттер ұнайды. Иілген сайын сынғаныңды білмей қаласың»,-деген пікір қалдырғандар да болды.

Желідегі парақшадағы қызу пікірталасқа суреттегі қыздың өзі де араласқанға ұқсайды. Ол жігіттің өзін қалай ренжіткенін айтпаған. Тек осы әрекетінен кейін оны кешіргенін жазған.

Оқи отырыңыз:

Елімізде ауа райы күрт өзгереді деп күтілуде

Жамбылда өз ауласында өлі табылған депутатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Оңтүстікте бір ауыл халқы жаппай ауруға шалдығып жатыр

Қазақстанда отбасыны қолдау институты құрылмақ

 

Талқылау