Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Президент Әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихатының келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бақытжан Орынбеков

Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "автомобиль және автомобиль шаруашылығы" және "тау-кен ісі" мамандықтары бойынша бітірген.

Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы "Заман" фирмасында бөлім бастығы болып бастаған. Әр жылдары "Делдал" жеке кәсіпорны директорының орынбасары, "Жамбыл-Құпарлылық" АҚ-ның механигі, "Шығыс Таңы" Сауда-өндірістік компаниясы" ЖШС бас директоры, "Тараз көлік жолы" ЖШС президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның "Сауда-көлік компаниясы" ЖШС-де және "Волковгеология" АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.

Талқылау