Таразда ойын-сауық орындары жұмысын тоқтады

Тараз қаласының "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты қабылданған қаулыға өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 

Тараз қаласының "қызыл" аймаққа өтуіне байланысты қабылданған қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Қыдырбаев айтты.

Спикердің сөзінше, ауру өршіген тұста алдымен медициналық маска кию қатаң сақталуы керек. Мәселен, қоғамдық үй-жайларда, қоғамдық көлікте 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда қоғамдық тамақтану орындарында бетперде кию талаптары таса қалмауы тиіс.

"Қызыл" аймаққа енуге байланысты мектептерді 1-8, 10 сыныптары онлайн форматта оқуға көшіреді.

"Шектеу шараларына байланысты шаһарда өзгерістер көп болады. Мәселен:   - ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференциялары;

- отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), өткізуге;

- cенбі және жексенбі күндері сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен желілерінің (оның ішінде онда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда) объектілердің жұмысына;

- жексенбі күндері ашық базарлардың (азық-түлік, азық-түлік емес) жұмысына;

- Сенбі және жексенбі күндері жабық базарлардың (азық-түлік және азық-түлік емес), сауналардың, СПА орталықтарының, бассейндердің, спорт кешендерінің, спорттық-сауықтыру орталықтарының және фитнес-орталықтардың жұмысына тыйым салынды", - деді Бағлан Қыдырбаев.

Сондай-ақ, спикер өз сөзінде мәдениет нысандары да түрлі шараларын шектейтінін айтты. Мәселен, театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдарының қызметіне де тоқтау салынбақ. Ойын-сауық орындары да жұмыс барысын тоқтады. Яғни, караоке, банкет залдары, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, боулинг бар. Балалардың ойын-сауық орталықтары оның ішінде ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар, батуттар да өз қызметін тоқтатады.

Санитарлық талаптарды сақтай отырып, сағ., 07.00- 23.00 дейін супермаркеттер мен гипермаркеттердің қызмет етуіне рұқсат. Қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне сағат 09.00- 20.00-ге дейін ғана.

Сонымен қатар, сағат 07.00-ден бастап сағат 05.00-ге дейін қоғамдық тамақтану объектілері мен фуд корттардың қызметіне тек жеткізуге және әкетуге рұқсат.

Ал ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендерінің (жеке тұрған) қызметіне шектеу жоқ. Кеңсе, ұйым қызметкерлерін 80% қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру, 20% күндізгі режимге ауыстыру жүргізілмек. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының, банктердің, "Қазпочта" АҚ бөлімшелері сағат 9.00-18.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр