Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды

Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды. Бұл туралы Антикор мәлім етті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомство мәліметінше, Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

“А. Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айрылды. Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды", – делінген ресми мәлімдемеде.

Талқылау