Тараз дәмханасындағы атыс: Күдікті ұсталды
Тараздағы Discovery дәмханасында оқ жаудырған күдіктіні ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3, 99-бөлігі, "Адам өлтіру" 1-бөлімінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен халықаралық іздеуде болған 36 жастағы Тараз қаласының тұрғынын полиция қызметкерлері анықтап, ұстады. Алматыда жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", – деді тәртіп сақшылары.
Полицейлердің айтуынша, күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Қазіргі уақытта ол Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
26 ақпанда полицияның мекемеде атыс болғанын сағат 22.30 шамасында білгені хабарланған. Оқиға салдарынан екі адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Талқылау