Қазақстанда тапшы мамандықтар рейтингінде күзетшілер көш бастады
Күзетшілер, дәнекерлеушілер және кассирлер тапшы мамандықтар қатарында көш бастады. Бір ғана Алматыда бұл мамандарға деген сұраныс ұсыныстан төрт есе жоғары болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz сілтеме жасап.
Ranking.kz сарапшылары елімізде қандай білікті кадрлардың жетіспейтінін анықтады. Биыл тәжірибесі бар қызметкерлерді 54%-ға жиі іздеді.
Соңғы үш айда электрондық еңбек биржасында 176 мың бос жұмыс орны пайда болды. Бірақ түйіндеме шамамен үштен бірге аз болды. Қызметкерлерді Нұр-Сұлтан мен Алматыда белсенді іздеді.
Ranking.kz деректері бойынша, еліміздің ірі қалаларында өнеркәсіп және құрылыс қызметкерлері жетіспейді. Тапшы мамандықтардың қатарына күзетшілер де кірді. Тек үшінші тоқсанда жұмыс берушілер оларға 700-ден астам сұраныс жіберді.
Әлеуметтік қызметкерлер мен дәнекерлеушілерді де сұраныста. Ал кассирлер мен ағаш ұсталары үшін 400-ге жуық бос жұмыс орны ашылды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді