Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал журналист Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады (видео)

Танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалидің тағы бір былығын әшкерелеп, масқаралады. Ол әншіні сынағаны үшін өзіне мін таққандарға дәлел келтіріп, Төреғалидің шын мәнінде қандай адам екенін ашып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Төреғали Төреәліні мен ғана жазғандай тегі, барлықтарыңыз сыртымнан ғайбат пікірлеріңізді аямапсыздар. Бар жазығым сахнаны сыйламайтын кім еді ол деген сұрақ қойдым. Төрештеріңіз хейтерлерді аямай жинапты. Қарша боратып жатыр мен туралы жағымсыз пікірлер. Не дейін? Респект!

Пәтуасы жоқ “Біртүрлі қыз” деген әнінің нотасының өзі шетелден сол күйі ұрланған. Бұл да Ресейдің Басковы секілді “менен асқан әнші жоқ” деген сарында мақтанудан жалықпайды. Журналистердің ішінде Дана Нұржігіт, Ермұрат Бапи ағамыз да әншінің бұл ісін құптамады. Бірақ, уот, менің жазғаныма барлығы шүйлігіпті. Браво!” – деп бастады сөзін Бибігүл Дәулетбекқызы.

БАҚ өкілінің айтуынша, Төреғали өз ісіне ұялып та тұрған жоқ. Сондықтан ол әншіге кешірім беруге қарсы.

“Әзірге мен Төрештеріңіздің ұялып, кешірім сұрап тұрған түрін байқамадым. Әлі де “мен, мен” деп өршігіп барады. Халықты итке теңеп, қазақтың шалдары құтырған деп есіріп тұрған әпендіні байқадым. Бұл жігіт өзіне өте көп алады екен. Журналистерді көзіне ілмейді. Егер сол журналистер болмаса, бұны кім танитын еді?

Халыққа әнін тыңдатып, эфирден көрсетіп, танымал еткен менің әріптестерім! Семіздікті қой ғана көтереді деген осы. Сахнаға қызара бөртіп шығып, екі қолын сермеп қояр емес, әкесіндей емес, атасындай қарияға: “@нек” дегені қай сасқаны?! 

Кешірейік деп қояды бір кісілер. Жүріңдер сол әрқайсысын кешіріп. Еркелігі ғой, балалығы мен шалалығы дейтіндей бозбала емес. Екі баланың әкесі. Дап-дардай жігіт ағасы. Егер дәл осындай жайт Еуропада, әлде мына тұрған Ресей мен Өзбекстанда болсын, қызанақ, жұмыртқа лақтырып елден қуып шығар еді”, – деп жалғады сөзін ол. 

Бибігүл Дәулетбекқызы Төреғалидің журналист Асхат Садырбайға жазған былапыт сөздерін жариялады. Сондай-ақ, отандық әншіге қоқан-лоққы көрсеткен азаматтың аудиожазбасын сөзінің дәлелі ретінде келтірді. Ол жазбадағы қос азаматтың кім екенін ашып айтпады.

Алайда көпшілік, ондағы әңгіме әнші Талғат Жорабаев пен Төреәлі Төлеповтің арасында өрбіген деп болжады.

“Тағы айтамын. Қарияның не айтқанында шаруам жоқ. Ол кісі бар болғаны суын ішіп, ауызы көпіріп сөйлеп, сахнада емес тойда жүргендей болған әншіге ызалы болды. Қарт кісі айтса, жөнімен айтты. Концертке демалу үшін келді, тойға емес. Той мен концертті бұл әнші шатастырып алған тәрізді. Мүмкін атай соңғы ақшасына билетін сатып алған шығар? Сол атайдың орынына өзіңіздің әкеңізді, әлде атаңызды қойыңызшы. “Шығарып жіберіңдер” деп сүмірейтіп дүйім жұрттың алдында масқара етті. Қарт кісінің қан қысымы көтеріліп, жүрек талмасы ұстаса ше? Ал, бұл болса “шал, шал” деп әлі айылын жимай, мағынасы жоқ, түкке тұрмайтын әнін шығаруда. 

Мына аудиожазбаны тыңдап көрсеңіздер, кімнің кім екенін білесіздер. Асхат Садырбайға да жазған сөздерін оқи отырыңыздар. Шоу-бизнестегілер маған базынасын айтты. Әрі қарай өздеріңіз көрерсіздер. Ертең министр Арыстан Мұхамедиұлы туралы постымда толығырақ жазамын. Жолдан шаршап келдім. Қазір төрештеріңізді ойлайтын шамам жоқ. Аман болыңыздар!” – деп түйіндеді сөзін журналист.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз басты рөлді сомдаған клип жарыққа шықты (видео)

Қуандық Рахым 15 жасында жетім балаларға арнаған әнін шырқап, елді жылатты (фото, видео)

Мақпал Жүнісова: Төрешті мен үшін кешіріңіздерші, халқым (видео)

Төреғалидың әкесі отандық продюсерді “атып өлтіремін” деп қорқытқан

Талқылау