Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал журналист: Баян біздің ақшамызды алып, үрім-бұтағымен шетелге кетті

Баян Алагөзованың продюсерлігімен таспаланған “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” телехикаясы айналасындағы дау әлі де басылар емес. Қоғам белсенділері желге ұшқан ақшаны сөз қылып, шарқ ұруда. Мемлекеттің ақшасына түсірілгендіктен, оған салық төлеп отырған біздің сынауға құқығымыз бар, дейді көпшілік.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше әнші әрі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева сериалға кеткен ақшаны Баян Алагөзовадан қайтарып алуды талап етті. Ол миллиондаған қаржыны қазақ тілін еркін меңгерген продюсерге беруді ұсынды. Түсіпбаеваның бұл ұсынысын журналист Бибігүл Дәулетбекқызы қолдай кетті.

“Уа, жамағат! “Қозы Көрпеш- Баян Сұлу” сериалын талдап, қырылыспай-ақ қойыңыздар! “Іс бітті, қу кетті” деп, Алагөздің Баяны әр сериядан 9 миллионнан алып, шетелге үрім-бұтағымен демалуға кетті.

Онан да, Ерлан Қарин мырзадан “Продюсер Баян Алагөзова тарихи фильмге шашылған 54 лям-ды орынына қойсын!”- деп талап етейік!” – деп пікір білдірді ол.

Журналистің айтуынша, жаппай елдің ашуына тиген сериалды жабулы қазан күйінде қалдырмау керек. Дәулетбекқызы Ұлттық арнаның сан құбылуына оның басшылығына Баян Мақсатқызының жан құрбысы Динара Сәтжанның келуімен байланыстырды.

“Мәселе – рөлді сомдаған актрисаның тәмпіштігінде емес. Желге ұшып кеткен Сіз бен біздің ақшамызда болып отыр. Ол – бір. Екіншіден, тарихтан мақұрым продюсерге жабысып отырған басшыда. Ішім удай ашиды кейде. Елдің ашуын келтірген сериалды жабулы қазан күйінде қою меніңше дұрыс емес. “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” ды фейсбукта жырлап отырғанымызда, Алагөздің Баяны 31- күні Ұлттық арнадан актерларды сүйістіріп қойды емес пе? Жаңа Жылдық “көгілдір от” концерттік шоуын көрдіңіз бе? Масқара! Ұлттық арна – майшелпек болды ғой. Кім көрінген келіп, асап кетеді. Оны тексеріп жатқан ешкім жоқ. Қарин Сәтжанды жанына алды дегеннен-ақ шошыған едім. Көңілім алдамапты. Қазақ тілін менсінбейтіндер тарихты пысқырғаны бар ма? Неге осыны ойламады екен деп, кейде Дәурен Абаевқа да реніш білдірудемін”, – дейді журналист.

Дәулетбекқызы мемлекеттің ақшасын жымқырды деген айыппен қудалауға ұшыраған Тұңғышбай Жаманқұловты мысалға келтірді. Айтуынша, ел ағасы Жаманқұловты жазғырғанда, Алагөзованың бұл ісіне көз жұма қарау дұрыс емес.

“Сериал елдің ашуын тудырды. Ұлттық арнаның төрағасы Ерлан Қарин мырза да эфирден алынып тасталынғанын айтып, жұртты басты. Алайда, сеткада тұрған еді деген желеумен ертесіне сол серияны қайта эфирден көрсетіпті.

Сонда деймін де, не үшін бұл сериалға осыншама қаражат жұмсалды? Миллиондаған ақша Баянның қалтасынан шығарылса бір сірә… Осылай жалғаса берсе не болмақ? Осы Тұңғышбай ағамызды пайғамбар жасына келгенде сотқа да, отқа да сүйреткен едік қой. Ал, Баянның бұл ісіне көз жұмып, қарап отыру керек пе?” – деп түйіндеді сөзін ол.

Бізбен бөлісетін қызықты жаңалығыңыз, оқиғаңыз болса Stan.kz сайтының WhatsApp номеріне жолдаңыз: +77021152981

Жіберіп алмаңыз:

Кәмшат Жолдыбаеваны актермен “сүйістіріп қойған” Ұлттық арна халық сынына ұшырады

Байзақованы киноға түсірген Азамат Сатыбалды оның арсыздығына қатысты пікір білдірді

Талғат Жорабаевқа қоқан-лоққы көрсеткен Төреғалидің қай “көкесі” екені анықталды (видео)

Танымал журналист ұлынан айырылып қалды

Талқылау