Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал тележүргізуші Асхат Тарғынның бұрынғы әйелінің сұлулығына қайран қалды (фото)

Әнші Асхат Тарғын алғаш рет өзінің бұрынғы әйелі туралы айтып, халыққа қызын көрсетті. Мұнымен қатар, ол жуырда тағы отбасын құруға дайындалып жүргенін жеткізді.

новый коллаж

Фото: instagram.com/aium_uzakbayeva_official/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Асхат Тарғын “Чип-чип” әнімен танылса да, алғашқы бейнебаянын Заттыбек Көпбосынұлы секілді туған жеріне арнаған екен. Ол тіпті шығармашылық кешін өткізіп үлгерген. Ауылдағы тойлардың сәнін кіргізіп түрлі ән айтқан. Тіпті әндері “облыс хиті” деген атқа ие болған. Ауылдағы тойларда ән салып қана қоймай, асабалық қызмет атқарған. Мұнымен қатар, әншінің жұрт біле бермейтін тағы бір қыры бар екен. Ол 14 жыл бойы келіндердің бетін ашқан.

“1999 жылдан бері келіндердің бетін ашып келемін. Шыны керек, “Чип-чип” әнімен танылғанға дейін бет ашып жүрдім. Қазіргі таңда қазақстандықтар менің келіннің бетін ашатынымды білмейді. Қазір көп қолым тие бермейді. Десе де, “Келіннің келіп бетін ашып бер” десе дайынмын”, – дейді Асхат Тарғын.

Әнші осы күнге дейін өзінің жеке өмірі жайлы айтпайтын. Алайда үйіне қонаққа барған тележүргізуші Анна Данщенко оның экс сүйіктісінің суретін альбомнан көріп қалып, түрлі сұрақ қоюға кіріседі. Тележүргізушіні сұлулығымен тамсандырған келіншектің есімі Гүлшат екен. Асхат Тарғын бұрынғы келіншегінің суретін әлі күнге дейін не үшін сақтап жүргенін түсіндірді.

“Нағашыларымның отбасын бір жаңа жылдық мерекеде құттықтап барған кезде түскен болатынбыз. Бұл, расымен, бұрынғы келіншегім. Ол кісінің үйде мүлдем суреті жоқ еді. Қалып қойған екен. Естелік ретінде тұра берсін. (Күлді.) Екеуіміз шаңырақ көтерген кезде мен 22, ол 20 жаста болатын. Отасқан соң үш жыл уақыт бірге тұрдық. Бір жылдан соң қызды болдық. Әркімнің өз тағдыры болады ғой. Десе де, екеуіміз ажырасып кетеміз деп еш ойламаған едік. Өткен іске өкінбейміз”, – дейді әнші.

13562155_1095877527150568_1853227720_n

Әншінің бұрынғы келіншегінен туған Айым есімді 12 жастағы қызы бар. Қызы бала күнінде “Басқалардың әкесі қыздарымен бірге тұрады. Сен неге бізбен бірге тұрмайсың?” деп жиі сұраған екен. Асхат Тарғынов осы сауалдан кейін көпке дейін жүрегінің ауырып, өз-өзіне келе алмай жүргенін жасырмайды. Мұнымен қатар, ол журналистің “Сіз қандай әкесіз?” деген сұрағына жауап берді.

“Қалай айтсам екен?! Мен бұрын үйленіп отбасылы болдым. Осы қызым дүниеге келді. Уақыт өте келе келіншегіммен дәм-тұзымыз жараспай ажырасып кеттік. Қызымыз үшін деп бірге тұрып көрген кезіміз де болды. Артынша қызым анасының қолында қалды. Бірақ Айыммен етене жақын араласамын. Екеуіміз бір жарым жыл ғана бірге тұрдық. Қандай әке екенімді қызым есейген шағында өзі бағалай жатар. Айымнан қолымнан келгеннің барлығын аямамын. Бастапқыда қиын уақыттар болғанын да жасырмаймын. Қызым балабақшаға барып жүрген шағында “Жұрттың әкелері отбасымен бірге тұрады. Сен неге үйге келмейсің?” деп сұрады. Сол кезде осы сөздерін жүрегіме жақын қабылдап, қатты қиналдым.

Оған үнемі “Біз бөлек тұрсақ та, мен кез келген жағдайда көмектесуге әзірмін. Әкең жоқ емес, бар! Сені өсіріп бағамын, оқытамын, тоқытамын” деп айтып отырамын. Қазір өзі де жәйлап түсіне бастады. Анасы оған өте дұрыс тәрбие берді деп ойлаймын. Осы күнге дейін қызымның менімен араласып келе жатқаны анасының тәрбиесінің арқасы деп білемін”, – дейді Асхат Тарғынов.

13187954_650813465065690_235715011_n

Заңды жұбайымен 3 жыл бірге тұрған Асхат мырза ажырасқалы оны көрмеген. Бар болғаны оның әлі күнге дейін өзге ер азаматпен отбасын құрмағанын біледі екен. Мұнымен қатар, әнші өзінің жуырда отбасын құратындығын айтып өтті. “Ол тұрмыс құрмаған сияқты. Тұрмыс құрса, қызымнан еститін едім. Бірақ мен ол кісінің екінші рет отбасылы болып, перзент сүюіне тілектеспін. Екеуіміз тек баланың шаруасымен сөйлесеміз. Оның өзінде қызым арқылы ғана. Арамызда қандай да бір реніш жоқ. Бірақ көңілің қалған соң, көрісуді де қажетсінбейді екенсің. Менің бір-екі рет үйленуге мүмкіншілігім болды. Өнер жолын қуамын деп жүріп жасым 30-дан асып кетті. Енді бұйырса үйлену ойымда бар”,  – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Асхат Тарғынов бірінші әйелінен сүйген қызын өнерге баули бастады

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таңқалдырды (видео)

Абай Бегей мен Асхат Тарғын әріптестерін сотқа бермек

Асхат Тарғынның ұрлығы әшкере болды (видео)

Талқылау