Асхат Тарғынның ұрлығы әшкере болды (видео)

Жұма, 17 Маусым , 2016 9:24

Қазақстандық жұлдыздар енді гректерден ән ұрлап жүр. Мысалы, Асхат Тарғын әнші Танос Петрелистің туындысын иеленіп алмақ болған. Шетел әншісі осыдан жеті жыл бұрын “Даника” атты трек шығарған екен.

image-9

Фото: kzsounds.kz

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

Тарғыновқа әннің ұнағандығы соншалық, ол ешнәрсені өзгертпеуді жөн көрген сияқты. Тек өлеңнің сөзіне қайта жазып, оған “Қарындас” деген атау берген. Өздеріңіз көз жеткізіп көрсеңіздер болады.

Асхаттың өзі әннің ұрланғандығын білмегенін айтады. Авторлық Есен Жүсіп атты сазгерге тиесілі екен. Әнші бар сұрақтың сол мырзаға қойылуы керектігін тілге тиек етті.

“Мен мүлдем білмедім, әнді жазып, маған “аласың ба?” деді. Тыңдап едім, көңілімнен шықты. Сосын алдым”, – дейді Асхат Тарғын.

Мұндай жағдайда Асхат пен Танос бірдей ойланып, әнді бірдей айтады деп ойлауға болады. Себебі әннің аранжировкасы ғана емес, әншінің әнді орындау мәнері де қайталанған.

“Маған ешкім ешнәрсе айтпады. Бар болғаны осындай әннің бар екенін айтты. Маған оны тыңдауға алып келді деп айтып тұрмын ғой. Ұнаған соң айтуды жөн көрдім”, – дейді Асхат.

Гәкку арнасы аталған бейнебаянды эфирден алып тастаған. Өзге елдің ұрланған әнін жарнамалап, өздеріне “күнә” артқылары келмейтіндерін айтады.


Жіберіп алмаңыз:

Әнші Асхат Тарғынов бірінші әйелінен сүйген қызын өнерге баули бастады

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таңқалдырды (видео)

Абай Бегей мен Асхат Тарғын әріптестерін сотқа бермек

Салық төлеуден жалтарып жүрген әншілердің есімдері анықталды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар