Танымал режиссер Ақан Сатаев киноға түсті
Талай актердің жұлдызын жағып, бағын ашқан режиссер Ақан Сатаев әдетте кадр сыртында қалатын. Тек бұл жолы емес!
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Режиссер әріптесі Асқар Бисембин таспалап жатқан “Кинодан артық дүние” (“Больше, чем кино”) атты кинокартинасына түсті. Режиссер жаңа кинокомедияда қосалқы рөлдердің бірін сомдаған. Бұл туралы Сатаевтың өзі хабарлады.
“Шамамен жарты жыл бұрын әріптесім Асқар Бисембин мені өзі киносына шақырды. Бүгін сол ойымызды жүзеге асырдық, ал мен кішігірім рөлдердің болмайтынын дәлелдеуге тырыстым. Әрі Данияр Алшыновпен сахналас болғаныма қуандым. Енді тұсаукесерді асыға күтемін”, – дейді Ақан Сатаев.
Айта кетейік, Ақан Сатаев 1994 жылы Жүргенов атындағы өнер академиясының кино және телевидение факультетін бітірген. Оқуды бітірген соң екі бірдей көркем фильмге түскен Сатаев кейіннен режиссерлікке түбегейлі бет бұрған. Сатаев таспалаған “Рэкетир”, “Ағайындылар” (телехикая), “Адасқан”, “Ликвидатор”, “Жаужүрек мың бала”, “Анаға апарар жол” фильмдері көзі қарақты көрерменге жақсы таныс.
Жіберіп алмаңыз:
Кімге күлдік, Николас Кейджге ме, әлде қазаққа ма?
«Ninety one» тобы туралы фильмде ел білмейтін құпиялар ашылмақ
Асылхан Төлепов актерлікті тастап, дубляж саласына түбегейлі бет бұрмақ па?
Америкада жүрген Жанар Дұғалова атақты Николь Шерзингермен дуэт айта ма? (фото)