Танымал миллионер Ninety one фильміне қатысты пікір білдірді
Белгілі алматылық миллионер Қайрат Құдайберген 91 тобы туралы фильмге пікірін білдірді. Ол фильм тұсаукесеріне отбасымен бірге барған.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
«Алдарыңызда Ninety one тобының нағыз фанаттары! Ал шынымды айтсам, Әсел Сәдуақасова мен Асқар Ұзабаевты кереметтей Ninety one фильмімен құттықтайын деп едім. Жарайсыңдар!» – деп жазды Қайрат Құдайберген желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, танымал отандық продюсер Алуа Қонарова фильмді көру барысында бастан аяқ жылағанын айтты.
«Алғашқы кадрлардан бастап, кезінде өзім RinGo тобымен бірге бастан кешірген сезімдерді басымнан өткердім. Сондықтан, соңына дейін жылағанымды жасырмаймын.
Кинода жігіттер мен продюсер кезіккен қиыншылықтар, құлдырау сәттері, өкініш, реніш, қуаныш, бірінші клип түсірілімінен кейінгі қобалжу, алғашқы әнді жазу барысындағы толқыныс, әріптестер, қоғам тарапынан жасалған шабуылдар, елдің мойындамауы және жалпы триумф! Жеңіс пен жеңілістер. Сынақ пен ауру. Барлығы қаз қалпынша… дәл кезінде менің басымнан өткен дүние сияқты… Шынайы әрі адал хикая. Жігіттер әр кадрды шынайы ойнап шыққан. Оларға сенесің. Сондай-ақ, топтың болашағының жарқын екеніне сенесің. Ал бұл бар болғаны үлкен жолдың бастамасы.
Режиссерлер, продюсерлер тобы мен жігіттерге жасаған еңбектері мен сапалы фильм үшін алғыс білдіремін, жарайсыңдар!» – дейді Алуа Қонарова.
Еске сала кетейік, күні кеше атышулы Ninety one тобының фильмі жарыққа шықты.
Жіберіп алмаңыз:
Абай Бегей 105 жастағы әжейдің батасын жариялап, елді сүйсіндірді (видео)
Қарақат Әбілдина сиыр сауып, самаурын жаққан күндері туралы айтты