Танымал әнші ақын Құрманай Бақтиярқызына қымбат көлік сыйлады (фото)
Қайрат Нұртасқа “Алматының түндері-ай” әнін жазып берген танымал ақын Құрманай Бақтиярқызы қымбат автокөліктің иесі атанды. Қаламгерге мұндай қымбат сыйды танымал хитмендердің бірі жасаған, деп хабарлайды ақынмен тілдескен Stan.kz тілшісі.
Отандық жұлдыздардың хит әндеріне мәтін жазып берген ақын алғашқыда бұл жаңалығымен желіде бөліскен болатын.
“Ал Алматы мені мынау тұлпармен күтіп алды. Əзірге кімнің сыйлығы екенін айта алмаймын. Бірақ жақында білетін боласыздар. Əзірге менімен бірге қуана алатын жандар үшін. Рахмет Алматылықтарыма”, – деп жазды ол инста-парақшасында.
Қаламгерді қуанышымен құттықтаған жандар сыйды белгілі хитмен Қайрат Нұртас жасаған болуы мүмкін деп болжады. Бұл сұрақтың нақты жауабын білу үшін Құрманай Бақтиярқызының өзіне хабарласқан едік.
“Бұл бір сауапты іс. Сый иесі “жарияламаңызшы” деп өтінді. Сондықтан да аманатқа қиянат жасай алмаймын”, – деп ақын бағалы көлікті сыйлаған жанды құпияда қалдырды.
Айта кетейік, Құрманай Бақтиярқызы Қайрат Нұртастан бөлек, оның әкесі Нұртас Айдарбековке, сондай-ақ Кәмшат Жолдыбаева, Ақылбек Жеменей, Бейбіт Көшқалиев, Серік Ибрагимов, Әлішер Кәрімов сынды белгілі әншілерге сөз жазып берген. Сондықтан да, Hyundai көлігін ақынға осы әншілердің бірі сыйға тартқан болуы мүмкін.
Атап өтетін жайт, Құрманай Бақтиярқызымен жұмыс істейтін әншілер ол кісінің жомарт жан екенін жиі айтады. Тіпті, хит ән жазып берсе де долларлап ақша сұрамайтын көрінеді. Сондықтан болар, қаламгерге бағалы заттар жиі сыйланады. Мәселен, сән кештерінің бірінде, дизайнер Жадо Құрманай Бақтиярқызына 2 мың доллардың көйлегін тартулаған еді.
Ескерту! Материалды көшіріп басу үшін, редакцияның хат түріндегі рұқсатын алу керек.
Жіберіп алмаңыз:
Ернар Айдар: Аурухана төсегінде барлық қателерім есіме түсіп, күні бойы жыладым
Димаш Құдайберген өміріндегі ең үлкен әрі маңызды арманын айтты
Қай еңбегі үшін: Қоғам белсендісі Сивиді еліміздің еңбек ері атанған тұлғалармен салыстырды
“Шаншар” театрының танымал актері Жүсіп Ақшора қызын ұзатты (фото)