Салтанат Бекжігітова тұрмысқа шықты (фото)
Тележүргузуші әрі модель Салтанат Бекжігітова тұрмысқа шықты. Анығында қыркүйек айында ұзатылған Салтанат пен оның күйеужігіті Сандыжардың үйлену тойы болып өтті, деп хабарлайды Stan.kz.
Отандық телеарналардың бірінде жұлдыздар туралы бағдарламаны жүргізетін тележүргізуші кезінде «Алматы аруы-2010» байқауында жеңіске жеткен. Салтанаттың ұзату тойы 11-қыркүйекте Алматы қаласында өткен болатын. Араға екі ай салып, жас жұбайлардың үйлену тойы да атап өтілді.
Өз жазбасында Салтанат қалыңдық көйлегін таңдау барысында неге баса мән бергенін айтып берді.
«Барлық нәрседе минимализм стилін ұнатамын. Тіпті, той көйлегінің өзін ешқандай моншақсыз, әшекейсіз, бантиксіз, қарапайым етіп таңдадым. Әркез өз тойымда осындай көйлек киемін деп ойлайтынмын. Әдемі әрі қарапайым», – деп атап өтті тележүргізуші.
«Фатам осындай әдемі болды. Өзімнің көңілімнен шықты, нағыз қалыңдықтың фатасы деп ойлаймын өз басым», – деді Салтанат.
Той аяқтала салысымен жас жұбайлар Ресей астанасы Мәскеуге бал айына аттанды.
Жіберіп алмаңыз:
Нұржан Керменбаев ұлының тұсауын кесіп дүркіретіп той жасады (фото, видео)
Қайрат Нұртас: Мен балгерлерге сенбеймін, тек Құранмен дем салдырып тұрам
Есентаева «Қазақ аруы» фильміне басты рөлге кастинг жариялады (фото)
Мейрамбек Беспаевтың өз туған күнінде билеген биі ғаламторды шулатты (видео)