Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Мен балгерлерге сенбеймін, тек Құранмен дем салдырып тұрам

Жақында бағдарламада сұхбат беріп жатқан белгілі әнші Қайрат Нұртасқа тосыннан: «Сіз бақсы-балгерлерге сенесіз бе?» деген сұрақ қойылды.

xlarge

Бұл туралы«Жетінші» арнаның «Гу-гу гәп» бағдарламасында айтылды.

Қайрат Нұртас бұл сұраққа еш ойланбастан, балгерлерге сенбейтінін, тек Аллаға сеніп, Құран сүрелерімен дем салдыратынын айтты.

Оған Қайрат былай деп жауап берді: «Мен балгерлерге сенбеймін. Жолыңды ашамын, жоғалтқан затыңды тауып берем дегендерінің бәрі өтірік. Мен бір Аллаға ғана сенемін. Қари, Құранды жақсы білетін кісілерге барып, Құранмен дем салдырып, емделіп тұрамын».

Қайраттың бақсы-балгерлерге сенбейтінін оның анасы да растады. Жалпы, қазір бал ашатын, жол ашатын, жоғалтқан затыңды табуға көмектесетін тәуіпсымақтардың көбейген заманы ғой. Балгерге бару – үлкен күнә. Бұл дегеніміз, тағдырға разы болмай, Алла Тағала серік қосу. Осы тұста, Қайрат Нұртас өз замандастарына осы жағынан үлгі болады деген үміттеміз.

Жіберіп алмаңыз:

«Әлем аруы-2016» байқауы сайтында Қырғызстан мен Қазақстанның туын шатастырып алды

Есентаева «Қазақ аруы» фильміне басты рөлге кастинг жариялады (фото)

Шариғат үкімі бойынша депозитте ақша сақтау дұрыс па

Елбасы Токиода сасқалақтап қалған Есімовке ыммен түсіндіріп жөн сілтеді (видео)

Мәскеуде кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионын өлтіріп кетті

Талқылау