Танымал фотографқа Көктөбені суретке түсіруге тыйым салынды
Алматылық фотограф Максим Золотухин террорлық қауіпсіздік ретінде Көктөбеде суретке түсірткізбей қойғанын айтты.
Фото: © Sputnik / Анатолий Устиненко
Алайда 35 мың теңге төлесе, суретке түсіруге рұқсат бар екенін де жекізді.
«Бүгін Көктөбеге шығып, бірнеше сурет түсіргім келді. Бірақ мені күзетшілер тоқтатып, бұдан былай суретке түсіруге болмайтынын айтты. Әлем террорлардан зардап шегуде. Сондықтан сурет террорлардың қолына түсіп қалуы мүмкін екенін айтты. Бірақ 35 мың теңге, төлесе ешқандай қарсылық болмайды екен. Сонда 35 мың теңге суреттің лаңкестердің көзіне түспеуіне кепіл бола ма?», – деп жазды фотограф желіде.
Оған 35 мың теңге төлеуі тиіс деген жазуы бар қағаздың көшірмесін көрсеткен. Күзетшілер фотографқа әңгімені таспаға жазып алуға және көшірме қағазын суретке түсіруге рұқсат етпеген.
Sputnik тілшісі Көктөбе әкімшілігінен осы жайттың мән-жайын анықтап білді.
«Егер біздің фотоаппаратпен суретке түсіретін болсаңыздар немесе фототүсірілім жасайтын болсаңыздар ақысын төлейсіздер. Ал, қаланы суретке түсірсеңіздер және өз фотоаппараттарңызды пайдалансаңызар тегін болады», – деді Көктөбе әкімшілігінің ресми өкілі.
Тағы да оқыңыз:
Актердің Қазақстандағы сапары: Марк Дакаскос желіге секіріп тұрған суреттерін жариялады