Танымал әнші Ерлан Көкеев Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек
Қазақстандық танымал әнші Ерлан Көкеев музыкалық аспаптарының бүлінгені үшін Bek Air әуе компаниясын сотқа бермек, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұл туралы музыкант Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
«Бүгін таңертең Bek Air әуе компаниясының ұшағымен Алматыға ұшып келдік. Нәтижесінде музыкалық аспапаптарымызды мынадай күйде алып отырмыз. Мұндай оқиғаға 25 жылда алғаш рет тап болдым. Бұл жай ғана музыкалық аспаптар емес. Олардың бағасы – өте қымбат. Аспаптардың сыртында «Абайлаңыз, әйнек» деген таңба болған еді», – деп жазды Көкеев.
Сонымен қатар ол әуежайда аталған әуе компаниясының өкілдерін шақыруды талап етіпті. Алайда компания өкілдерінің ешбірі әуежайда болмаған.
«Әуежайдың қызметкелері мен қауіпсіздік қызметі де түсінік беруден бас тартты. Адвокатпен кеңескеннен кейін, біз полиция шақырып, әуежайдың қауіпсіздік қызметімен бірге аталаған фактіні құжат түрінде тіркедік. Ендігі заттық және моральдық шығын үшін Bek Air әуе компаниясын сотқа бермекпіз», – деп жазды әнші.
Сонымен қатар музыкант клиентке қызмет көрсетуге қатысты мәселе туындағанда, оқиға орынында әуе компаниясыынң кезекші өкілі болып, мәселені шусыз шешуі керектігін айтты.
Оқи отырыңыз:
Төреғали Төреәлі мен Мөлдір Әуелбекова Мейрамбектің әніне бейнебаян түсірді (видео)
Димаш Құдайбергенді Ақтөбелік халыққа қызмет көрсету орталығы қалай қабылдады?
Таиландта Шәмшінің әнін орындаған Баян Алагөзова желі қолданушыларын қайран қалдырды (видео)