Танымал актер Мадияр Серікбаевтың бесінші перзенті өмірге келді
“Өнер қырандары” театрының жетекшісі, танымал актер Мадияр Серікбаев бесінші рет әке атанды. Әзілкештің отбасында ұл бала дүниеге келді, деп хабарлайды Stan.kz.
Қуанышты хабарды Мадиярдың жары Дана жеткізді.
“Алланың қалауымен бүгін Мәкеңнің тағы бір атқа шабарын дүниеге әкелдім. Сансыз шүкір жаратқанға, ұзағынан сүйіндіріп, өмір жасын ұзақ қылсыншы.Тіл көзден сақтасын. 30 жасыма дейін туып тастап, сосын демалам деуші едім жас кезімде. Періштелер әмин деген шығар сол кезде. Енді тезірек сауығып кетсем, осыларды жеткізетін денсаулық берсе Алла. Жақсы сөз жарым ырыс, айта беріңіздер, Алла беруші, үбірлі-шүбірлі болыңыздар. Барша аңсағандарға жұғысты болсын. Дұға тілектеріңізге рақмет”, – деп жазды ол желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Мадияр мен Дананың енді үш қыз, екі ұлы бар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
Жағажайда ауыз су, желі мен санитарлық жағдай жоқ

"Бір нүктеде қатып қалды": Аспанда "тоқтап тұрған" ұшақтың видеосы қызу талқылануда
Желі пайдаланушылары: "Құлап кете ме деп қатты қорықтым”