Танымал адвокат Астанада эротикалық суретке түскен қызға көмегін ұсынды
Белгілі казақстанық адвокат Джохар Өтебаев суреті үшін желіде қызу талқыға түскен қызға көмегін ұсынды.
Өтебаев бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
Астанада суретке түскен қыз немесе оның таныстары! Жеке өзіме хабарласыңыздаршы! Бұл маған керек емес, шын сөзім. Әкімшілік сотта менің достарым сізді қорғағысы келеді. Бұл елордалық тамаша адвокаттар Аманжол Мұхамедияров пен Әсел Нұрмаханова. Тегін. Олар сіздің жеке куәлігіңізді ғаламторға салған адамды да жазалауға көмектеседі. Полицейлер адамға қысым көрсетеді екен, біз де оларға қарсы тұрайық. Мүмкін сонда олар нағыз қылмыскерлерді іздеумен айналысатын болады. Егер ол қолынан келмесе… Өздеріне және бізге қоғамдық дәретхана салсын. Ақыры басқа айналысар жұмысы жоқ екен», – деп жазады адвокат.
Айта кетейік, Астанада эротикалық суретке түскен қыз 20 жасар қала тұрғыны болып шықты, қазір ҚР ӘҚБК 434 бабы бойынша (Жеңіл бұзақылықтар) әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Істің деректері Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.
Жіберіп алмаңыз:
Жалаңаштанған тағы бір астаналық қыздың суреті желіде тарап кетті
Қазақстанда өзге планеталықтардың “қонатын аймағы” табылды
Шымкентте полицейлер бұзақы жайлы ақпарат айтқан адамға 500 000 теңге беруге уәде етті