"Таныстарының өтініші": Нұрлан Еспанов ұлының "Қайрат – Реал" матчына билет сатпағанын айтып ақталды
Видеодан скрин
Нұрлан Еспанов ұлының "Қайрат – Реал" матчына билетті өзі сатпағанын, таныстарының өтінішімен осындай іске барғанын айтып ақталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Нұрлан Еспанов халықтан ұлын кінәламауларын сұрады. Ол “Екі билет сату” бизнес жасап, пайда табу емес екенін айтып, “ол өзі емес, таныстарының өтінішімен билет сатқан” деп мәлімдеді.
“Достар, сіздер қызықсыздар. Қолымда билет болса, қазір матчта отырмаймын ба? Кеше алдына барып қайтқанмын. Менде билет жоқ. Балам билет сатса, сатпа, өзіміз ала салайық деп айтатын едім. Менің де достарым бар. Ол билет баламда жоқ. Өзінікі емес, дос балалары желіге салып берші деп өтінген ғой. Сіздерге бір сұрақ қояйыншы. Екі билет сатып алып, ойынға бара алмай қалсаңыздар, не істесеңіздер де өздеріңіз білесіздер ғой. Қымбатқа сатасыз ба, күйіп кетеді ме өзіңіз білесіз. Бұл ешқандай жемқорлық емес. Менің балам кімді жеп жатыр екен”, – деді желідегі парақшасында Нұрлан Еспанов.
Нұрлан Еспановтың ұлы да желіде қолында билет жоқ екенін, тек достарының өтінішімен парақшасына салып бергенін айтты.
“Ағайын, менде билет жоқ. Билеттер менікі емес. Билет болса, стадионда отырмаймын ба? Магнумда жүрмін”, – деді Олжас Еспанов.
Алайда әншінің ұлы екі билет емес, шамамен елуге жуық билет сатқан. Бір билеттің бағасы – 1 600 доллардан басталады.
“Бір билет бағасы – 600 мың теңге. 500 мыңдық билеттер де бар. Билеттер қайта сатылымға шықты. Аз-маз саудасы бар. 34-сектор, 9-қатардан екі билет бар. Әрқайсысы 500 мың теңгеден болады. “Қайрат” клубының мүшелеріне шақыру билеттер. ЖСН жазып керек емес, сканерлеп өте бересің”, – деп жазды Олжас.
Айта кетейік, Танымал әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов Алматыда өтетін “Қайрат” – “Реал” матчына билет сатамын деп сынға қалған еді.
Билет сатқандардың қатарында Сәкен Майғазиевтің ұлы да бар.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
