Танымал тележурналист Димаш Құдайбергенді әлемнің жаңа секс-символы атады
Димаш Құдайберген "Olympic" атты әсем әнімен Сочи қаласында өтетін "Новая волна" жас дарындар байқауын ашты. Әншінің өнер көрсеткен видеосы Instagram желісіндегі ресми парақшасында пайда болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Байқау жүргізішісі қазақстандық әншіні ерекше таныстырды. "Міне, барлық гүлдер — Ресей, Қытай және күллі әлем эстрадасының жаңа секс-символы", — деді Андрей Малахов. Оны жанындағы жүргізуші Лера Кудрявцева қолдай түсті. Димаш Құдайберген әнін сазгер Игорь Крутойдың және Игорь Крутой атындағы академия хорының сүйемелдеуімен орындады.
Танымал әншінің жанкүйерлері құшақ-құшақ гүл шоқтарын ұсынғанда Малахов: "Қыздар, өз-өздеріңе берік болыңдар, ол әлі қайтып келеді", — деді.
"Новая волна 2019" халықаралық жас әншілер байқауы Сочи қаласында 24-29 тамыз аралығында өтеді. Байқауға әлемнің 13 елінен келген әншілер бақ сынасады.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”