Танымал шоумен Мұрат Мұтырғановтың анасы қайтыс болды
Танымал клоун, шоумен Мұрат Мұтырғановтың анасы бақилыққа аттанды. Диана Мұтырғанова обыр дертінен көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайғылы хабарды Мұраттың өзі желідегі парақшасында хабарлады.
"Отбасымызда қайғылы жағдай. Бүгін сүйікті анамыз өмірден өтті.
Қолдан келгеннің бәрін жасадық, бірақ рак (онкология) күшті болып шықты.
Анам періште еді, өмірді, отбасын, адамдарды, табиғатты, жануарларды жақсы көретін.
Анамның жүрегі мейірімді еді. Анаммен таныс болған адамдардан өтінерім, бүгін анамның жаны үшін дұға жасаңыздаршы.
Анашым, сен біздің жүрегімізде мәңгі өмір сүресің. Жаның жаннатта болсын", – деп жазба қалдырды ол.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ