Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал ресейлік журналист Юрий Дудь Қазақстанға келсе тұтқындалуы мүмкін екенін мәлімдеді

Танымал ресейлік журналист Юрий Дудь Қазақстанға келсе тұтқындалуы мүмкін екенін мәлімдеді

Видеодан скрин

Ресейдің танымал журналисті Юрий Дудь Қазақстанға келсе тұтқындаламын  деп қорқатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Юрий Дудь қазақстандық блогер Алишер Елікбаевқа айтып берген. Олар Испаниядағы Мадейра аралында кездескен. Блогер әңгіме барысында Елікбаев Дудьке бірнеше сұрақ қойды, соның ішінде Дудьтің YouTube-шоуында неге қазақстандық қонақтар сирек шақырылатыны туралы сұрады.

“Өкінішке қарай, мен қазір Қазақстанға бара алмаймын. Мен қалаған кейіпкерлерді Қазақстанға барып түсірген дұрыс. Алайда дәл қазір Қазақстанға баруым қиындық тудыруы мүмкін. Өйткені Ресейде маған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Ал Қазақстан бұл қылмыстық істі негізге ала отырып, мені экстрадициялауы мүмкін. Қазақстан халқына деген үлкен ықыласым мен достарым мен таныстарымның болуына қарамастан, мен әзірге ол жаққа бара алмаймын”, – деді Юрий Дудь.

Юрий Дудь — ресейлік журналист, видеоблогер және танымал “вДудь” YouTube-арнасының авторы. Оның сұхбаттары мәдениет, саясат және спорт саласындағы белгілі тұлғалармен өтеді, әлеуметтік өткір тақырыптарды көтереді. Ресей үкіметі Дудьті “Шетелдік агент” деп таныған.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 20 Қазан, 2025 21:06
Талқылау