Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Танымал продюсер Баян Алагөзованың "қорына" ақша жіберген әйел алаяқтардың құрбаны болды

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қорына ақша жіберген әйел алаяқтардың құрбаны болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы танымал продюсер желідегі парақшасында мәлімдеп, оқырмандарына ескерту жасады. 

"Кеше туысым хабарласып, танысының Баян Алагөзованың қоры деп, әлдекімдерге 400 мың теңге жібергенін айтты. Оның айтуынша, мен сиқырлы дамуға уәде беріппін-мыс. Сіздерді сақ болуға шақырамын. Менің бұл қорға ешқандай қатысым жоқ. Арандатушыларға ермеңіздер. Алаяқтар неше түрлі өтірік айтуы мүмкін", – дейді Баян Алагөзова. 


"Ұят қайда?!": Баян Мақсатқызы Дженнифер Лопестің Астанада өтетін концертіне пікір білдірді


Ол басқа біреудің даусы арқылы жасалған осыған ұқсас видеоларды көргенін атап өтті. 

"Сонымен, енді әлгі әйел менен ақшасын қайтаруды сұрап отыр. Қандай ақша? Баян ештеңені білмейді. Адамдардың аңғалдығына әлі де таңқаламын. Неліктен дәлелсіз, заңды құжаттарсыз осындай айлаларға сеніп қаласыздар? XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз ғой, ал сіздер әлі интернеттегі "байытамыз" деген бейнероликтерге сенесіздер. Тоқтатыңыздаршы, өтінем", – дейді ол. 

Еске салсақ, бұған дейін Kaspi Магазин арқылы тауарға тапсырыс берген қазақстандықтар алаяқтарға алданып қалғаны туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 29 Сәуір, 2025 20:53
Талқылау