Танымал продюсер Бағым Мақсатқызының жары өмірден өтті
Танымал әнші, музыкалық продюсер Бағым Мұхитденованың жары Әділжан Юсупов дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаралы хабарды продюсер Баян Мақсатқызы жеке парақшасында жеткізді.
"Бүгін біз Адиктен айырылып қалдық. Сен сондай жақсы адам, жақсы әке, жақсы жар, жақсы дос бола білдің. Біз сені жақсы көреміз және кеудеміздегі жанымыз соғып тұрғанда сені ешқашан ұмытпаймыз. Иманды бол!", – деп жазды Баян.
Әділжан Юсупов – отандық музыка индустриясында өз орнын қалдырған танымал продюсер. Ол дарынды әнші, продюсер Бағым Мұхитденованың күйеуі. Ерлі-зайыптылар 1997 жылы танысып, 2001 жылы отбасын құрған. Бүгінде бір ұлы бар.
Әділжан Юсупов қазақстандық шоу-бизнестегі түрлі өнер қайраткерлерімен бірге жұмыс істеді.
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті