Танымал әнші ауыр жол апатынан соң комаға түсіп қалды
Белгілі қырғыз әншісі Әсел Кадырбекова 26 маусымда Бішкекте болған апаттан кейін жансақтау бөліміне түсті.
«Ол комада жатыр. Оның жағдайы ауыр. Тағы бір зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Оның басы шайқалған, жағдайы тұрақты», - деді Бішкек травматология және ортопедия ғылыми орталығының жетекшісі Сабырбек Жұмабеков.
24.kg хабарлауынша, әнші ашық бас жарақатын алған, дене мүшелері сынып басқа да жарақаттар алған, деп хабарлайды Sputnik-Қырғызстан.
Жас әнші арнайы көліктің, мемлекеттік құтқару тобының (жедел реакция тобы) және Toyota Camry көлігінің қақтығысынан ауыр апатқа ұшырады.
Бақылау камерасынан алынған суреттерден бір автомобильдің екіншісінің жағына жоғары жылдамдықпен соғылып, содан кейін екеуі де сыртқа қарай ұшып кеткені көрінеді.
Әсел Қадырбекова - Қырғызстандағы танымал әнші және блогер. Оның Инстаграмдағы парақшасына екі миллионнан астам қолданушы бар. 2018 жылы танымал қырғыз әншісі Нұрлан Насипке тұрмысқа шықты. "Бактылуумун", "Жанында болсом", "Ырдалып бутпойт" атты әндері бар.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
