Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық журналист көз жұмды

Белгілі қазақстандық журналист, Қазақстан Республикасы президенті сыйлығының лауреаты Михаил Дорофеев қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Михаил Дорофеев 25 жылдан аса уақыт Қазақстанның түрлі Бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеді. Атырау облысының жергілікті БАҚ, одан кейін республикалық БАҚ-та: КТК телеарнасында, "Экспресс К", "Город" және "Мегаполис" газеттерінде (бас редактордың орынбасары ретінде) жұмыс істеді.

Республикалық телеарналарда менеджерлік лауазымдарды атқарды, оның ішінде "Астана қ.теледидары" ЖШС Бас директоры және "Телекомпания "Эра" ЖШС Бас продюсері болып жұмыс істеді.

Әр жылдары "Портрет недели" (КТК), "Формула личности" (Қазақстан, Астана-ТВ), "Тема" ("Астана" телеарнасы), "Открытый диалог" ("Хабар") телевизиялық бағдарламаларының жүргізушісі болды.

ҚР Президентінің БАҚ саласындағы Сыйлығының лауреаты (2018 ж.), Қазақстан Журналистика Академиясының академигі.

2015 жылдан бастап Informburo.kz ақпараттық-талдау сайтының бас редакторы қызметін атқарды.

Жетістіктері: 

Қазақстан Журналистика Академиясының мүшесі;

2018 жылдың 26 маусымында Михаил Дорофеев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан құрмет сыйлығына ие болды;
Михаил Дорофеевтің Informburo тобы қазақстандық Интернет-медианың TOP-5 құрамына кіреді.

2018 жылы Informburo.kz "Үркер" ұлттық сыйлығының нұсқасы бойынша Қазақстандағы үздік Интернет-БАҚ боп танылды.



 

Талқылау