Танымал қазақстандық журналист Диас Омаров көз жұмды

Бүгін, 5 шілде, өмірінің 80-ші жылы белгілі қазақстандық журналист және комментатор Диас Омаров қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Бұл туралы «Астана» ФК сайтында хабарлады. Өзінің жарты ғұмырын журналистикаға арнаған Омаровты әріптестері қайғыра естеріне алды. Журналист 80 жасқа қараған шағында көз жұмды. 

"Бұл бүкіл қазақстандық спорт үшін үлкен шығын. Диас Ілиясұлы шынымен де біздің журналистиканың шебері болды. Оның еңбегінің арқасында спортшылар мен журналистердің бірнеше буыны теледидардан көрінді", - деді "Астана" компаниясының бас директоры Михаил Гурман.



Мықты комментатор, білікті журналист болған Диас Омаровтың отбасына қайғыра көңіл айтып, қайғыларына ортақ екендерін жеткізді олар.

"Ол кәсібилік пен еңбекқорлықтың нағыз бейнесі болды! Осы жылдың қазан айында Омаров мерейтойды атап өтуі керек еді, бірақ тағдыр басқаша шешілді! Футбол клубы атынан Диас Ілиясұлының барлық туыстарына және бүкіл спорт қауымдастығына көңіл айтамын! Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз", - деді Михаил Гурман.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр