Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал қазақстандық кәсіпкер зардап шеккен бизнесті қолдау қорына 1 миллион доллардан астам қаржы аударды

Қазақстандық бизнесмен Бахаридин Әбләзімов тонау әрекеттерінен зардап шеккен бизнесті қолдау қорының шотына 500 млн теңге аударады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мәлімдеді. 

Танымал кәсіпкер басқа да ауқатты қазақстандықтарды тәртіпсіздіктер мен бизнеске қатысушыларды тонау әрекеттерінен зардап шеккендерге көмек жинауға қосылуға шақырды.

"Алматыда шағын кәсіпкерлердің асханалары, дүкендері, шаштараздары қирап, өртеніп кетті. Мен бірлікке, елді қайта құруға шақырамын. Ауқатты азаматтар "Атамекен" бастамасын қолдайды деп ойлаймын. Мен қазақ халқына өзінің жақсы қырларын көрсетуге шақырамын. Бір тудың астына жиналайық. Біздің күшіміз бірлікте", - деп келтіреді "ҚазАзот" АҚ директоры Бахаридин Әбләзімов.

Жиналған қаражат комиссия шешімінен кейін нысандары талан-таражға түсіп, қираған Алматы қаласының кәсіпкерлеріне де, басқа облыстардың да кәсіпкерлеріне бөлінетін болады.

Барлық қаржылық операциялар цифрландырылатын болады, қор алынған және бөлінген қаражаттың ашықтығына кепілдік береді. Қаржылай көмек көрсетемін деушілер арнайы call-орталыққа және Алматы қаласының облыстық кеңесіне хабарласа алады: 8775 1261839; 8778 410 1758; 8777 947 00 77 - Бауыржан Оразғалиев.

"Атамекен" ҰКП 10 қаңтардағы мәлімет бойынша, еліміздің тоғыз облысында 1 488 нысанда орналасқан 1 319 зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісі анықталды, оның ішінде Алматы қаласында – 1 399 нысанда орналасқан 1 234 субъект. Ең көп зардап шеккен салалар сауда объектілері болды – 1 245; қоғамдық тамақтандыру – 25; қаржы секторы – 37; логистика – 9; БАҚ - 2.

Алдын ала болжам бойынша, жалпы шығын көлемі 93,7 млрд теңгеден астам болса, оның 92,2 млрд теңгесі Алматыға тиесілі.

"Атамекен" АЭС Бірыңғай байланыс орталығына 6-10 қаңтар аралығында 2774 қоңырау түсті, оның ішінде: талан-таражға салу бойынша – 1406, форс-мажорлық жағдай бойынша – 39, бақылау-өткізу пункттері бойынша – 2, зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдау қоры бойынша – 3, жеке тұлғалардан түскен қоңыраулар – 1324.

Талқылау