Ұзақ емделген соң 1943 жылы Алматыға көшіп келеді. Кейін анасын көшіреді. Театрға деген махаббаты осы жерден басталған. Юрий Померанцев алғаш рет Наталья Сацтың балаларға арналған жаңадан ашылған театрының "Қызыл телпек" спектаклінде қасқырдың рөлін сомдаған. Осылайша арнайы білімі болмаса да, актерлық мансабы басталады.
Померанцев 79 жыл сахнада 300-ден астам рөлді сомдаған. Ол 1957 жылы "Біздің сүйікті дәрігер" фильміне түсіп, доктор Анатолий Николаевич Лавровтың рөлін сомдағаннан кейін танымал болып, халықтың ыстық ықыласына бөленді. Қазақстанның Еңбек Ері, көптеген ордендердің, соның ішінде Еңбек Қызыл Ту, Отан соғысы және "Отан" ордендерінің иегері.