Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз аман қалдық": Алагөзовтің экс-жары Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайына қолдау білдірді

Ляйсира Марат Ақан Сатаевтың экс-әйедін жақтап шықтыФото: https://www.instagram.com/lyaisira_marat/

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің экс-жары Ляйсира Марат актриса Назира Бақаеваға қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ляйсира Марат әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған жазбасында Назира Бақаеваның ел алдына шығып, сұхбат бергені үшін сынап жатқандарға жауап қатты.

“Менің ойымша (енді өзімді азды-көпті сарапшы деп айтуға болады!), Назира осы жылдар ішінде ішкі сұрақтарына жауап тауып, сол тәжірибесін бізге бөлісті. Кейіпкердің әрбір сөзі мен қимылынан терең сезім, шынайы толғаныс сезіледі. Ұмыт қалудың тұманын сейілтіп, өзіне мұқтаж жандарға шыққаны үшін рақмет”, – деп жазған ол.

Ол сондай-ақ Альмира Тұрсын мен Жұмабек Жанықұловтың бұрынғы жұбайын еске алып, олармен жақсы таныс екенін айтты.

“Тағдырдың жазуымен мен Альмира Тұрсынның бұрынғы күйеуі Артурмен дос болдым. Ол Альмираны ерекше құрметтейтін, оған тәнті еді, ұлдарының әкесі атанғанына шексіз бақытты болды. Мен Жұмабектің бұрынғы жары Жаннамен де таныс болдым. Ол үшін ең ауыр жыл еді: Үйде бес бала, анасы онкологиядан көз жұмған сәт, ал күйеуі отбасынан кетіп қалды. Бұл ол үшін ең ауыр жыл болды”, – деп жазды ол.

Кәсіпкер Назира Бақаеваны түсінетінін айтып, енді олар үшін жаңа кезең басталатынын жазған.

“Біз бармыз! Біз аман қалдық, демек жаңа кезең басталды. Бұл – жарық пен махаббатқа толы екінші өмір!” – деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ляйсира Марат экс жолдасы Тұрсен Алагөзовтің кешірім сұрауын талап еткені хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 07 Қаңтар, 2026 17:46