Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал блогердің бұрынғы күйеуі әйелді тікелей эфирде өртеп жіберді

Лама (Lamu) лақап атымен танымал тибеттік блогердің бұрынғы күйеуі әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберді. Бірнеше аптадан кейін әйел ауыр жарақаттардан көз жұмды, деп хабарлайды Daily Mail-ге сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметінше, оқиға 14 қыркүйекте болған. Лама тікелей эфирге шығып, дәстүрлі Тибет әнін шырқады. Бұрынғы күйеуі бөлмеге кірген кезде тікелей эфир жалғаса берген. Блогердің жазылушылары қара экранның арғы жағынан әйелдің айқайын естіген.

Дәрігерлердің айтуынша, Ламаның денесін күйік шалған: терісінің шамамен 90 пайызы күйген. Қазан айының басында ол ауруханада қайтыс болды.


Белгісіз біреулер әйелінің 13 жыл бұрын түскен порноролигін күйеуіне жіберген 


Кейбір қытайлық басылымдар блогердің бұрынғы күйеуі ажырасуға ниет білдіргені үшін одан кек алмақ болғанын жазды.  Белгілі болғандай,  отбасылы болған кезінде әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккені атап өтілді. Әйелдің артынан екі кішкентай ұлы қалды.

Қыркүйек айында осыған ұқсас Индонезияда ер адам Tinder-ден бейтаныс адаммен кездесуге барғаннан кейін өлтірілгені туралы хабарланған болатын. Әйел ер адамды үйіне шақырды, онда әйелдің жігіті оны бөлшектеп өлтірген. Бұл жағдай алдын ала жоспарланған, ерлі-зайыптылар өлген адамның шоттарындағы ақшаны иемденгісі келді.

Талқылау