AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мыңдаған баланың өмірін сақтап қалды: Қазақстандық танымал хирург өмірден озды

Танымал балалар хирургі Ахпаров Нұрлан Нұркенұлы өмірден озды. Қоғамда абыройы биік дәрігер коронавирустан көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы дәрігердің әріптесі Риза Боранбаева әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Жауыз вирус біздің ең үздік балалар хирургі Ахпаров Нұрлан Нұркенұлының өмірін қиды... Жақында ғана ол біздің арамызда болды, ең күрделі операцияларды жасады, жас дәрігерлерге сабақ берді, әріптестерімен қалжыңдасып жүр еді, ал бүгін біз үшін бұл қайғылы хабарды қабылдау өте қиын.

Бұл тек біз үшін ғана емес, барлық Қазақстан үшін орны толмас қайғы. Үздік балалар хирургі, Ормантаев Камал Сәруәрұлының сүйікті шәкірті еді, республиканың түкпір-түкпірінен ауыр науқастар бізге хирургия бөліміне Ахпаровты іздеп келетін”, – дейді Риза Боранбаева.

Осы жылдар ішінде Нұрлан Нұркенұлы мыңдаған баланың өмірін сақтап қалған.

“Әрқашан позитивті, әзілмен, клиникалық және ғылыми қызметте белсенді еді. Оның қатты ауырып немесе ауруханаға жатқаны есімде жоқ, ол педиатриялық қызмет үшін әлі де көп нәрсе істей алар еді”, – деп жазды Риза Боранбаева.


Қарағандыда оқушыны дәретханаға жібермей қойған мұғалім жұмыстан босатылды 


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр