Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал әнші балалы болғысы келмейтін жастарды сынға алды 

Белгілі әнші Шоқан Маратұлының отбасы жақында тағы бір жанмен толықпақ. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған Шоқан көпбалалы болғысы келетінін жасырмайды. Сонымен қатар, ол балалы болғысы келмейтін жастарды сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біз үшінші сәбиді күтіп жүрміз. Тағы да әке болу қандай бақыт. Бұл қуанышты хабарды естігенде сіздерге айтуға асықпадым. Өйткені мұндай сәттерді тек екеуара бөліскің келеді. Қазір әйелім жүктілігінің жетінші айында. Бірінші УДЗ-да мені көрсеңіздер ғой, бақыттан тілім байланып қалды. Бірақ екінші жағынан мұңлы ойға баттым", - деп ағынан жарылды Шоқан Маратұлы. 



Ол бұл әлемде сәби сүйгісі келмейтін және бұл ойды өзгелерге насихаттайтын адамдардың көбейіп баратынына қынжылды. Әншінің ойынша, бұл нағыз "эгоизм". 

"Өздеріңіз ойлап көріңіздерші, қазір көптеген адамдар баланы керек етпейді. Бірақ өздеріңізден сұрап көріңіздерші, сіздердің де ата-аналарыңыз солай ойласа, сіз мүлдем өмірге келмес едіңіз. 

Сіздерді білмеймін, өзім балаларымсыз өмірімді елестете алмаймын. Олардың бір күлкісінің өзі барлық жамандықты ұмыттырады", - деді Шоқан. 

​​​​​​​

Сондай-ақ, әнші гендер-патиден видео жариялады. Шоқанның отбасы тағы бір қыз баламен толықпақ.
 

Талқылау