Танымал актер Тәуекел Мүслім екінші баласын қырқынан шығарды
Отандық актер Тәуекел Мүслімді жақын туыстары мен достары қуанышымен құттықтап келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
instagram.com/mahonti__
Отбасылық жиынның құрметті қонағы Гүлнәр Ерғалиева тойдың қалай өткенін өзінің желідегі парақшасында жариялады.
“Бүгін Тәуекел мен Махаббаттың екінші ұлы Әмірді қырқынан шығардық. Құттықтаймын! Балапан көзқуанышымыз болсын. Денсаулығы мықты, ақылды, мейірімді бала болып өссін. Қос құлыны әкесіне ұқсап, болашақта қолғанаттарын болсын”, – деп ағынан жарылды ол.
Желі қолданушылары да актерді құттықтап, жылы лебіздерін арнады.
“Керемет жұп! Тәуекелдің жұбайы сондай әдемі”, “Бақытты болсын!”, “Азамат болсын!”, “Бәрекелді”, “Халықтың ұлы болсын”, – деп жазды желідегілер.
Талқылау
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
Айта кетейік, қараша айында "Наурыз" және "Наурыз Жұмыскер" бағдарламалары бойынша өтініш қабылдау қайта басталады
"Жастар практикасы" арқылы жұмыс таптым": Қазақстандық колледж түлегі кілем фабрикасында еңбек жолын қалай бастағанын айтып берді
Бағдарламаға қатысушылардың басым бөлігі қыздар екен