Таңға дейін қонақүйде бірге болды: “Хан Шатыр аруы-2017” байқауының қатысушысы дау болған видеоны түсіндірді
«Хан Шатыр аруы-2017» байқауының қатысушысы Наталья Лапкина дауға айналған тікелей эфирі жайлы айтты.
Бұл туралы Instagram желісінің zhaloby_astana тобында жарияланды.
Наталья Лапкина желідегі тікелей эфир үзіндісінде өздерін жағалауға баруға мәжбүрлегенін айтты. Айтуынша, кеште қыздар купальникпен жүрген. Кеш кейіннен қыздар тұрып жатқан қонақүйде жалғасын табады. Ол жерде байқауға қатысушылар болған. Қатысушылар арасында кәмілетке толмаған қыз да болыпты.
Қыздарды демеушілер отырған бөлмеге шақырған. Ақырында ол бөлмеде екі қыз таңға дейін қалған көрінеді. Оның бірі жүлделі орынға ие болған қыз.
Кейіннен «Хан Шатыр аруы-2017» қатысушысы дау болған бұл видеороликке қатысты пікір білдірді.
Баспасөз конференциясында ол тікелей эфирдің байқаудан соң жүргізілгенін айтты. Наталья байқауға өзінің қатыспағанын, бұл жайлы тек өзгелерден естігенін жеткізді.
Байқау ұйымдастырушысы Ольга Шанталь бойжеткеннің тікелей эфир барысында түрлі әшкерелеуші пікір жазғандарды табуға арыз жазбайтынын айтты.
Тағы да оқыңыз:
ОҚО облыстық жанармай қауымдастығының төрағасы бензин бағасын 220 теңгеге көтеруді ұсынды
Торғай даласы енді көрші елдің полигон алаңына айналады
Назерке Әріпті өлтірді деген күдіктінің анасы оның қыздарға талай рет шабуылдағанын айтты