Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екінші жартыңыздан салқындық байқалып, сатқындық жасауы мүмкін: Тамыз айына жұлдызды жорамал

Жұлдыздар 2020 жылдың тамызы ерекше ай деп болжайды. Бұл кезең жоғары ақыл-ой белсенділігімен және интеллектуалдық жұмыс саласындағы жетістіктермен сипатталады. Stan.kz ақпарат агенттігі назарларыңызға тамыз айына арналған жұлдызды жорамал ұсынады.

Астрономдар тамызда болатын екі маңызды оқиғалар туралы ескертеді. 12 тамыз егіздер шоқжұлдызындағы Венера және Меркурий түйіседі. Астрологтар бұл түйісудің адамға әсері бар деп болжайды. Жұлдыз жорамалы бойынша, тамызда адамдар ойлауға, терең түсінуге бейім келетін болады. 

Венера ежелден-ақ махаббаттың символы болып саналды. Егіздердегі Венера ой тұжырымдамасын жаңа формаға өзгертеді. Осы кезеңде кез келген идея эстетикалық бағдар алады. Оған поэзия, жазу, мүсін сынды адамның ішкі жан дүниесі арқылы жүзеге асатын ерекше құбылыстарды жатқызуға болады. 

Дегенмен, бұл айда жеке өмірлеріңіз айтарлықтай жақсы болады деп айту қиын. Екінші жартыңыздан салқындық, екіжүзділік, тіпті сатқындық көруіңіз мүмкін. Венераның әсері 16 тамыздан кейін түсе бастайды, өйткені Меркурийдің Күнмен байланысы 18 тамызда басталады.

Тоқты (21 наурыз - 19 сәуір)

Тамызда тоқтылардың аурасы арыстан белгісіндегілерге жақын болуы мүмкін. Алайда, бұл ай тоқтылар үшін қызықты идеяларға, ерекше ойларға толы болмақ. Ол тамызда өзінің жобаларын жүзеге асырудың айқын жолдарын табатын болады. Іскерлік кездесулер кезінде тасымалдау, логистика мәселелері тез шешілеті болады. 18 тамыздан бастап тоқтылар өзінің сырт көрінісіне аса мән бергені жөн. Меркурий мен Күннің байланысы тоқтыларыды шабыттандырып, оларды күн секілді жарқырататын болады. Яғни, көптен ойға алып жүрген жоспарларыңызды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік туатын болады. Дегенмен жасаған әр қадамыңызға сақ болыңыз. Идеяларыңызды толығымен тексергеннен кейін ғана әрекетке көшкеніңіз абзал. 

Тоқтыларға ескерту!

Жұлдыз жорамалы бойынша, тоқты тамыз айында өзін жайлы сезінетін болады. Алайда, жұлдыздар кез келген сәтті жоба тек ынта мен дәл есептеулерге негізделмейтінін түсінуге шақырады. Жұлдыз жорамал 2020 жылдың тамызында тоқтыны командалық ойыншы болуға және әріптестер мен достардың пікірлерін тыңдауды үйренуге шақырады. Сіз өркөкіректігіңізбен алысқа бара алмайсыз!

Торпақ (20 сәуір - 20 мамыр)

2020 жылдың тамыз айы торпақтың көшбасшылық қасиеттерін айқындай түседі. Айдың бірінші жартысында торпақтың тұрмыстық мәселелерін екінші жартысы шешетін болады. Сүйіктісінің бұл әрекетін торпақтардың қалай қабылдайтыны белгісіз. Тек бір ғана нәрсе анық. Мұндай жағдайда торпаққа салқынқандылық пен объективті көзқарас қажет болады. Жұлдыз жорамал көрсеткендей, осы уақыт аралығында торпаққа әлдеқайда сабырлы болған жөн. 

Торпақтарға ескерту!

Жұлдыз жорамалы бойынша, тамыздың екінші жартысында торпақтар тек салқынқанды емес, сонымен қатар, іскер болуы керек. Меркурий мен Күннің байланысы тек интеллектуалды белсенділікке қатысты емес, физикалық белсенділік жөнінде де ойлануға шақырады. Оған қоса, тек қана тыңдамай, естуді үйгенгеніңіз абзал. 

Егіздер (21 мамыр - 21 маусым)

Тамыз айы егіздер үшін үлкен мүмкіндіктің алаңы. Жұлдыз жорамал бұл кезең жеке өмірде де, кәсіпте де сәтті болатынын айтады. Барлығы 12 тамызда, Венера шоқжұлдызына кіргенде басталады. Осы күннен бастап, егіздердің күнделікті өмірі махаббат туралы әңгімелерге толы болады. Жеке өмірін жақсартуға мүмкіндік ең көп болады. Жаңа таныстық орнауы мүмкін немесе ескі байланыстар жаңара түспек. 

Егіздерге ескерту!

Осыған қарамастан, егіздер осы айда кейбір қатынастар қиындауы мүмкін. Мұның себебі - Меркурийдің Күнмен байланысы. Бұл жағдайда тек жұлдыздар ғана емес, психологтар да бір-екі күнді қоғамнан оқшауланып, өзімен қарым-қатынаста өткізуге кеңес береді.

Шаян (22 маусым - 22 шілде)

Шаян үшін тамыз айының бірінші жартысы эмоциялар мен шатасуларға толы болса, екінші жартысы қисынды және дәйекті болмақ. Жұлдыз жорамалы Венераның егіздердің белгісіне кіруі шаянның өмірді махаббат туралы әңгімеге толтыратынын көрсетеді. Бұл сіздің жаныңыз жай табатын уақыт болатынына сеніңіз. Айдың басында ұзақ уақыт бойы шешілмеген мәселелерге нүкте қоятын боласыз. Айдың екінші жартысы сәл тыныш болады. Меркурийдің Күнмен үйлесуі шаяндар мен олардың айналасын біршама тиімді етеді. 

Шаяндарға ескерту!

Жұлдыз жорамал шаяндарды эмоцияларға бой алдырмауға шақырады. Тамыздың бірінші жартысы әр түрлі адамдармен кездесулер мен қарым-қатынасқа толы болады. Шаян осы айда ештеңеден үмітін үзбеуі керек. Ал айдың екінші жартысы біріншіге қарағанда сәл ұтымды болады. 

Арыстан (23 шілде - 22 тамыз)

Жұлдыз жорамалы венераның егіздерге енуі зодиактың бесінші белгісінде, табиғатпен берілген хош иісті оятатынын көрсетеді. 12 тамыздан бастап арыстадарды, сезімге толы кездесулер, құмарлық пен махаббат күтіп тұр. Алайда, бұл арыстанның жараларын жазбайды. Тамыз арыстан үшін жағымды эмоцияларға толы. Олар өздерінің табиғатының ұтымды жақтарын 18 тамыздан кейін, Меркурий Күнмен үйлесетін кезде ашады. Мұндай кезде арыстан өзін-өзі сезіммен емес, ақылмен басқарады. Содан кейін тамыз олар үшін өте сәтті болады.

Арыстандарға ескерту!

Табиғаты бойынша, сезімтал арыстандар тамыз айында өздерін жоғалтып алуы мүмкін. Сол себепті шығармашылықтың кез келген түрімен айналысқан абзал. Әтпесе, арыстан өмірден оқшауланып кетуі мүмкін. 

Бикеш (23 тамыз - 22 қыркүйек)

Бикештер үшін тамыз қиын кезең болады. Бұған дейін ұстамды және әрқашан ұқыпты бикештер жеке өмір мәселесіне келгенде әлсіздік танытатын болады. Дегенмен, ол өзіне сенімді болмауы мүмкін.

Өзіне деген сенімділік бикештерге айдың екінші жартысында қайта оралады. Себебі 18 тамыздан бастап Меркурий Күнмен үйлеседі. Бикештің ойлау процестері мен аналитикалық қабілеттері айтарлықтай артады. 

Бикешке ескерту!

Жұлдыз жорамалы бикеш айдың бірінші жартысында Венераның әсерін бірнеше адамды ұнатып қалатынын көрсетеді. Планетаның әсері 18 тамызға дейін созылады. Жұлдыздар бикештерге өзіңіз қалаған әрекетті жасаңыз деп кеңес береді. Сіз өзіңіздің қалағаныңыздай болуға құқығыңыз бар. Сізге тек уақыт пен орын табу керек. 

Таразы (23 қыркүйек - 23 қазан)

Тамыз айында таразылардың өмірінде махаббат, достық туралы әңгімелер көп болады. Бірақ жұмыс немесе үй шаруашылығына бұл айда айтарлықтай алаңдаушылық болмайтыны байқалады. Олар айдың екінші жартысында ғана қалпына келе алады. Тамыз айындағы оқиғалар дамуындағы келесі кезең 18-ден кейін Меркурийдің Күнмен үйлесуі басталғаннан кейін күтіледі. Планеталардың бұл позициясы таразыларды ортасын сәл сергек етеді.

Таразыларға ескерту!

Жұлдыз жорамалы бойынша таразы жазда тепе-теңдікті іздеумен болады. Егіздердегі Венера таразыларға теріс әсер етуі мүмкін. Осы кезеңдегі сіздің міндетіңіз - қоршаған ортамен байланыс орната білу. Осылайша сіз өзіңіздің орныңызды таба аласыз. 

Сарышаян (24 қазан - 22 қараша)

Тамыз айында сарышаяндардың бейқам және тыныш күйі сақталады. 12 тамызда егіздердегі Венера сарышаяндарға романтикалық әңгімелер мен махаббат тақырыптарында басты адам ретінде сезінуге көмектеседі. Жұлдыз жорамал тамыз айында сарышаяндарға махаббаттан қашудың мағынасыз екенін көрсетеді. Сіздің өмірлік серігіңізді табуға мүмкіндігіңіз жоғары. Алайда айдың екінші жартысында пікіріңіз өзгеріп, ақылыңыз арта түседі. Бұл айда көптеген жауапсыз сұрақтарға жауап табатын боласыз. 

Сарышаяндарға ескерту!

Скорпион үшін 2020 жылдың тамыз айындағы жұлдызнама осы кезеңде олар әдеттегіден гөрі басқалардың қолдауына мұқтаж болатындығын көрсетеді. Енді сіз достарыңыз бен отбасыңыздың көмегіне жүгінсеңіз болады. Сезімдеріңізді көрсетуді үйреніңіз, екінші жартыңызды қуантыңыз, кішкентай нәрселердің маңызды екенін ұмытпағаныңыз абзал. Өзіңізге ұнайтын киім киіңіз. Өзің жақсы көретін тағамның дәмін татып көріңіз. 

Мерген (23 қараша - 21 желтоқсан)

Жұлдыздар тамыз айы мерген үшін қолайлы кезең болатынын айтады. Мергеннің өміріндегі бұл кезең саяхаттауға, сөйлесуге және жаңа таныстар табуға қолайлы болмақ. Айдың екінші жартысында мергеннің өмірі сүйіспеншілікке толы болады. Мерген осы кезеңде басқалармен көбірек араласуы керек. Әйтпесе, жұлдыз жорамал көрсеткендей, Меркурийдің Күнмен үйлесуі жағымсыз сәттерді көбейтеді. 

Мергенге ескерту!

Жұлдыз жорамал мергенді осы айда жеке қарым-қатынас бастамауға шақырады. Тамыз мергенге жауапкершілікті үйренудің уақыты. 

Тауешкі (22 желтоқсан - 20 қаңтар)

Тауешкі үшін тамыз қиын болады. Бұл айда тауешкілердің жеке өмініде өзгеріс болмайды, жұмыста сәтсіздіктер орын алады. Олардың өзін-өзі тәртіпке салуы күшейе түседі. Тауешкілер не жұмысқа, не сезімге беріле алмай дал болады. 

Тауешкілерге ескерту!

Жұлдыз жорамалы тауешкілердің тамыз айында өзін ыңғайсыз сезінетінін айтады. Мұның жалғыз себебі тауешкілердің икемсіздігінде. 

Суқұйғыш (21 қаңтар - 18 ақпан)

Тамыз айында суқұйғыштар өз пікірлерін қорғауы керек. Алайда, туыстарымен, достарымен қарым-қатынасына сызат түсірмеуі керек. Келісулер мен келісімдер түсініспеушіліктер мен күмәнданудың орнын басады. Алайда, 18 тамызда Меркурийдің Күнмен үйлесуі басталады. Тамыз айында суқұйғыштар өз бетімен шешім қабылдағандары абзал. 

Суқұйғыш ескерту

Жұлдыздар 2020 жылғы суқұйғыш үшін сәтті болады деп айтады. Жұлдыз жорамал суқұйғышты естігендердің бәріне сенбеуге шақырады, бірақ өз ойлары мен сезімдерін тыңдауды ұмытпаңыз. Бұл жағдайда сізді сәттілік күтеді.

Балықтар (19 ақпан - 20 наурыз)

Балықтар үшін жұлдыз жорамалы бойынша тамыз айы қиын ай болады. Оның бірінші жартысы Венераның 12 тамыздағы егіздер белгісіне енуімен қиындайды. Сүйіспеншілік ғаламшарының бұл ұстанымын қарым-қатынас пен ойды бейнелейтін классикалық түсіндіру жаңа таныстардың, шексіз флирт пен романтикалық кездесулердің пайда болуы туралы айтады. Бірақ бұл ғаламшар балықтарға айтарлықтай әсер етпейді. Олардың өзін-өзі көрсетуге деген құлшынысы жоғары болады. 

Балықтарға ескерту!

Жұлдыз жорамал балықтар тамыз айында ағынмен жүруі керек екенін көрсетеді. Артқа қарап тоқтап, қазіргісін бағалай білуді үйрен.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр