Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шетелдік зейнеткерлер саяхаттап жүргенде, неге қазақстандықтар қаражатын жеткізе алмайды: Тамара Дүйсенова айтып берді

Кейбір елдерде зейнеткерлер зейнетақыларына жайлы өмір сүруге – саяхаттауға және өмірден ләззат алуға мүмкіндігі болса, қазақстандық зейнеткерлер күнкөріс қамынан шыға алмай келеді. Осы жағдайға байланысты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, шетелдік зейнеткерлер қарттықтың қамын дер кезінде ойлағандықтан, рахаттана өмір сүре алады.

"Мысалы, АҚШ-та тек 25 пайызы мемлекеттік зейнетақымен өмір сүретіні туралы ақпарат оқыдым. Олардың көпшілігі өмірінің зейнеткерлік кезеңіне ақшаны алдын ала, жас кезінен жинайды. Қалғандары – инвестициялары, акциялар немесе облигациялардан алатын жинақ немесе дивидендтер", - деді Дүйсенова.

Зейнеткерлеріміз де солай өмір сүруі үшін уақыт керектігін айтады министр.

"Сіздер түсінулеріңіз керек, Америка Құрама Штаттары немесе Еуропа нарықтан нарыққа көшті, ал біздің экономикамыз 30 жылдан сәл ғана асқан, қор нарығымыз әлі тиісті деңгейде қалыптаспаған, біз осы жолмен жүруіміз керек. Естеріңізде болса, осыдан 10 жыл бұрын да біздегі зейнетақы көрші елдермен салыстырғанда төмен болатын. Зейнеткерлер үнемі шағымданатын. Жақында Атырауға бардым: "Ағаларым, апаларым, бұрын зейнетақы аз деуші едіңіздер, қазір басқа елдерге қарағанда бізде жоғары, неге мақтамайсыз?" – деймін. Жауап: "Ал, мен одан да көп алғым келеді". Бүгінгі біздің қаржылық және экономикалық мүмкіндіктеріміз осы. Отбасында да солай, азық-түлік сатып алмай, барлық ақшаны киімге жұмсай алмайсың", - деп түйіндеді министрлік басшысы.

 

 

Талқылау