AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тамара

"Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі –  Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылсын", –  делінген хабарламада. 

Тамара Дүйсенова әр жылдары жауапты басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің вице-министрі, жауапты хатшысы, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі болды.

Cондай-ақ ол 2017 жылдың қаңтарынан 2018 жылдың ақпанына дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқарды. Дүйсенова бұл лауазымнан сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сынынан кейін кеткен болатын.

"Не болды енді, Тамара, айтшы. Әлде шаршадың ба сен мына жұмыста?" – деген еді Елбасы сол кездегі еңбек министріне.

2018 жылдың ақпанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Nur Otan партиясының хатшысы қызметін атқарды.

2020 жылдың мамырынан бүгінге дейін Қазақстан президентінің көмекшісі – Президент әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр