Қазақстанда 2023 жылы ҰОС ардагерлеріне қанша ақша төленеді
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова елімізде Ұлы Отан соғысы ардагерлері санына тоқталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр сөзіне сүйенсек, елімізде небәрі 237 ардагер қалған.
“Бүгін таңертең тізімге көз салдым. Елімізде 237 Ұлы Отан соғысы ардагері бар екен. Оларға 9 мамыр күні материалдық көмек көрсетілетін болады. Әкімдік мәліметі бойынша барлығына бірдей мөлшерде қаржылай сыйақы берілмек. Ол 1,5 миллион теңге”, - деді министр Мәжіліс кулуарында.
Еске салайық, бұған дейін елімізде Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейтінін жазған едік.
Талқылау