Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар: Жүкті екенімді ешкімге айтпаған Ғалия Байбосыноваға "ауызбастырық" деген сыйлық бердім

Тамара Асар босанғанға дейін жүкті екенін ешкімге айтпаған. Соңғы сәттерге дейін сахнада жүрген әншіге бұл жағдайды жасыру қиын болмаған. Ал аяғының ауырлағанын байқаған жалғыз құрбысына әнші босанған соң арнайы сыйлық бергенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Дене бітімімдегі өзгерісті көрсетпеуге қазақы кәжекейдің көмегі көп болды", - дейді әнші.

"Басында қиын болған жоқ. Ішім шыға бастағанда қиын бола бастады. Киімдер сыймай, кәжекей киіп алатынмын", - дейді әнші. 

Тамара бойына бала біткенін білсе де, жұмысын тастамаған. "Күнделікті түсірілімдерге баруды тоқтатпадым", - дейді әнші. Сондай сәттердің бірінде әншінің жүктілігін бірінші болып құрбысы Ғалия Байбосынова байқап қойған.

"Аяғы ауыр кезімде сол бірінші кезеңнен бастап соңына дейін түсірілімде жүрдім. Бір адамға білдіртпей, бірақ бір ғана Ғалия Байбосынова білді. Сол барлығы өтіп, босанғаннан кейін, ауызбастырық деген арнайы сыйлық бердім. Себебі ол ешкімге айтқан жоқ", - дейді Тамара.

Тамара әріптестері тұрмақ, жағымды жаңалығын ет жақынынан да жасырған екен. Сырын анасына айтпай, 9 ай бойы қуанышын ішінде бүгіп келген.

"Мамамнан да соңына дейін жасырдым. Себебі ол кісінің жасы 80-ге жақындаған. Уайымдайды, қиналып қалады деп білдірмедім. Қан қысымы көтеріліп кетер деп соңына дейін үйге адам келсе де, кетуін тілеп тұратынмын", - дейді әнші.
 

Талқылау