Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тамара Асар шелпек пісірудің негізгі ережелерін көрсетті

Халықтың құрметіне бөленген белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері және Құрмет орденінің иегері Тамара Асар шелпек пісірудің негізі ережелерімен бөлісті. “Бақытты әйел” бағдарламасындағы “Айнұрдың асханасына” қонаққа келген әнші бақытты әйелдердің санына қосылғаныма қуаныштымын деп, студияға самаурынын көтере келіпті.

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Тамара Асар бала күнінен анасының Құдайға арнап жеті нан пісіріп жүргенін көріп өскен. Қазір халықтың ықыласына бөленген әнші өзі де үнемі жеті шелпек салып тұрамын дейді. Асханада жеті нан пісірудің ерекшеліктерімен бөліскен Тамара Асар Оңтүстікте «бәтір нан» аталатын, ал Батыста «бетер нан» аталып кеткен шелпектің құрамына не қосылатынын айтып өтті.

«Бәтір нан аталу себебі оған мүлде ашытқы қосылмайды. Бұл шелпек сол уақытта иленіп, пісірілетін болғандықтан асығыс нан деп аталады. Тек қана сүт өнімдері қосылатын жеті нанның құрамына аздап қант қосамыз. Бірақ құмшекерді көп қосып жіберген жағдайда, шелпегіміз күйіп кетеді»,-дейді Тамара Асар.

Асхана қонағы жеті нанның өзі майға пісірлетіндіктен оған 1 стақан қаймақ, аз мөлшерде ерітілген сары май және ас содасын қосуға кеңес берді. Әнші шелпек майлы болмас үшін оған ас содасын міндетті түрде қосқан жөн дейді. Сонымен қатар жеті нанды илейтін кезде дәмін татырып тұз қосуды ұмытпаңыздар. Тамара шелпектің құрамына міндетті түрде жұмыртқа қоспаса, жеті нан майлы болып кетеді деп ескертті. Себебі ас содасы мен жұмыртқа араласқан кезде шелпек өзінің құрғақтығын сақтап тұрады.

Сонымен әнші дайындаған жеті нанның құрамына: ұн, сүт, қаймақ, сары май, қант, ас содасы, 2 жұмыртқа және тұз қосылады екен.

«Қазақта отың сөнбесін деген қағида бар, сондықтан шелпекті пісірген кезде отты бірінші сөндіруге болмайды. Ал дайын болған жеті нанның ең біріншісін үйдің иелері ғана ауыз тиуі керек»,-деді салт-дәстүрді ұстанған әнші Тамара Асар.

Ысырапшылдықты ұнатпайтын әнші ас үйдегі ашып кеткен сүт өнімдерін де, аздап бұзылған майларды да лақтырмай қоса береді екен. Жарты сағатта-ақ дайын болатын шелпекке мүлде су қоспай, сүт өнімдерін қосып әзірлесе жеті нан өте жұмсақ әрі дәмді болады.

Жіберіп алмаңыз:

Сатушы, жүк тасушы, даяшы болған жұлдыздар

Баян Алагөзова мюзиклдің неге «Сиситай» аталғанын түсіндірді

Мақпал Жүнісова өзін сынаған журналистке: 35 жыл ерігіп жүрмедік

Бақытбек Есентаевтың қарындасы ағасы туралы естелігімен бөлісіп, жұрттың жүрегін елжіретті

Талқылау